Қытайдың Тайву қаласында фристайл-могулдан әлем кубогінің екінші кезеңі басталды. Аталған сында қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды деп хабарлайды Toppress.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Галышева 79,8 ұпай жинап, әлем кубогінің күмісін еншіледі. Ол Олимпиада чемпионы Перрин Лаффоннан (81,4) оза алмады. Үздік үштікке канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант енген. Ерлер арасында қазақстандық Дмитрий Рейхерд 6-шы орыннан көрінді.
Ерлер арасындағы бәсекеде жапониялық Икума Хоришима (86,9) жеңіске жетсе, канадалық Микаэл Кингсбери (86,3) күміске қол жеткізді. Қола медальді франциялық Бенжамен Каве (83,3) иеленді.