Бүгін 15 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында “Есіктен есікке” акциясы аясында қалалық мәслихатқа үміткерлер А.Кушикбаева мен Г.Еркебекова Шаңырақ шағынауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында штаб мүшелері қала тұрғындарын, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі бағдарламамен таныстырды. Үміткерлер тұрғындарды 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және “NurOtan” партиясын қолдауға шақырды.
Кездесу барысында қала тұрғындары мектептердегі оқу жүйесі, сонымен қатар тұрмысы төмен отбасыларға көңіл бөліп алдағы уақытытта қайырымдылық шараларын өткізіп тұру бойынша ұсыныс пікірлерін жеткізді.

Іс-шара соңында партияның Жаңаөзен қалалық сайлауалды штабының мүшелері халықтың барлық ұсыныстары мен ескертулері қаралып, алдағы жұмыс барысында ескерілетінін мәлімдеді.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының сайлау қорынан төленді.










