Бүгін Талғар ауданында ТОО “Zetta ЭКО” зауытында жұмыс алаңына Талғар аудандық маслихатқа депутаттығына үміткерлер Омарбаев Махсут кезекті үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.
“Nur Otan” партиясының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Жаңа жұмыс орындарын ашып, азаматтарға мүмкіндіктер сыйлау,- деді үміткер.

Қойылған сұрақтарға толық жауап берді, көтерілген мәселелерді сайлау алдындағы бағдарламаға енгізіп, бақылауға алды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Талғар ауданының сайлау қорынан төленді.










