“Nur Otan” партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айкен Аманқосқызы Аманчина мен Жылыой аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қошақанов Нұрбол Бисекенұлы “Нұр Асу” бастауыш партия ұйымы өкілдерімен кездесті.
“Нұр Асу” бастауыш партия ұйымы өкілдерінің ішінде білім, денсаулық, жастар және көпбалалы аналар бар. Кездесуде Жылыой ауданының 2021-2025 жылға бағытталған Сайлауалды бағдарламасы насихатталды.

Кездесуге келушілер тарапынан ұсыныс пікірлер айтылды. Үміткерлер әрбір ұсынысты қажетті органдарға жеткізетінін айтты.
Мұндай кездесулер Жылыойда әлі де жалғасын таппақ.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Жылыой ауданының сайлау қорынан төленді.










