• Последние

Мұстафина Толғанай: Халықпен байланыс орнатуда ақпараттық түсіндіру тобының жұмысы аса маңызды

2019/08/28 05:12

Куанышбек Мукаш: в Курултай должны приходить профессионалы с практическим опытом

2026/07/01 20:46

Впервые в истории Казахстана: защита природы получила высший конституционный статус

2026/07/01 20:37

Алмас Канатов: Конституализация ценностей закрепленных в новой Конституции произошла с сохранением традиционности

2026/07/01 20:31

Партия AMANAT официально отказалась от участия в выборах в Курултай

2026/07/01 19:31

Уникальная экономическая экосистема: в МНЭ РК разъяснили конституционные новеллы для Алатау

2026/07/01 18:45

Вступила в силу новая Конституция: как изменятся стандарты образования в РК

2026/07/01 18:40

Новая Конституция Казахстана вступила в силу: какие гарантии прав человека закреплены в Основном законе

2026/07/01 18:15
Фото: Синьхуа

1 июля Компартия Китая отмечает 105-летие со дня основания

2026/07/01 17:20

Миллион штрафов спишут казахстанцам – Токаев подписал закон об амнистии

2026/07/01 16:17

От скоординированной работы всех госорганов зависит эффективная реализация новых конституционных норм – Олжас Бектенов

2026/07/01 16:12
Кадр из видео

Пенсионерка после звонка в Whatsapp лишилась квартиры и денег в Актюбинской области

2026/07/01 16:09

Спрятал тело в подвале: в Алматы расследуют загадочную гибель мужчины

2026/07/01 16:06
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/02/0:05
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Мұстафина Толғанай: Халықпен байланыс орнатуда ақпараттық түсіндіру тобының жұмысы аса маңызды

2019/08/28 05:12
in Казахстан

Дінтанушы, РАТТ мүшесі, "Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы" қоғамдық қорының атқарушы директоры, Мұстафина Толғанай: Халықпен байланыс орнатуда ақпараттық түсіндіру тобының жұмысы аса маңызды, деп хабарлайды Toppress.kz.

Республика бойынша жылда ұйымдастырылатын ақпараттық-түсіндіру жұмыстары биыл да жалғасын табуда. Осы ретте биыл атқарылған жұмыстарға тоқталып, дін саласындағы қандай мәелелерге назар аударылып отырғанын айтып  берсеңіз?

Қазірг кезде дейін еліміздің жартысына жуық өңіріне Дін мәселелері жөіндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобның іс-сапарлары жүзеге асырылды. Айталық, ағымдағы жылдың 13-14 тамызында Дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Петропавл қаласында, сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың және Қызылжар аудандарында алдын алу іс-шараларын ұйымдастырды. Профилактикалық іс-шаралар барысында халықтың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған бөлігіне назар аударылды. Кездесу барысында азаматтарға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары, конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өзектілігі мен маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар,   биылғы жылдың 15-16 тамызында Қостанай облысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен алдын алу іс-шаралары өткізілді. Профилактикалық іс-шаралар Қостанай және Рудный қалаларында және Әулиекөл, Қостанай аудандарында өткізілді. Жұмыс жоспарында өңірлік ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен ҚАЖД қызметкерлері үшін оқыту семинарлары қарастырылды. Теологтар сотталғандармен, соның ішінде экстремистік және террористік қызметпен байланысты баптар бойынша жаза мерзімін өтеп жүрген адамдармен жалпы профилактикалық және жеке адрестік сұхбаттар жүргізді. Бұған қоса, тамыз айының 19-20-сы күндері Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының  мүшелерімен Қызылорда облысында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Онда өңірдегі сотталғандармен, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, облыстағы мешіттердің имамдарымен және жамагаттарымен бірқатар кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 21-22 тамызында Дін мәселелері жөніндегі республикалық топтың Жамбыл облысына іс-сапармен барып, алдын алу іс-шараларымен Тараз қаласы, Байзақ ауданы, сондай-ақ Қордай ауданының Масаншы және Сортөбе ауылдары сияқты шекара маңындағы өңірлерде кездесулер өткізілді. Өңірдің этникалық құрамының ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері шекаралас аудандардың тұрғындарымен кездесіп, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары түсіндіріліп, жаңа ғибадат ғимараттарын салу, мешіттер жанындағы діни сауаттылықты арттыру курстарының жұмыс істеуі сияқты сұрақтарға жауап берді. Ақпараттық түсіндіру тобының Жамбыл облысындағы жұмысы аясында Сириядан оралушылармен кездесулер өтіп, тиісті кеңестер берілді. 

Биылғы ақпараттық –түсіндіру жұмыстарында қандай әлеуметтік топтармен жұмыс жүргізуге аса мән біріліп отыр?

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының құрамында елімізге белгілі дінтанушылар, білікті теологтар, дін саласында қызмет істейтін мамандар тартылып, жергілікті Дін істері, Ішкі саясат басқармаларымен келісе отырып, жоспарға сәйкес жұмыс атқарылды. Биылғы жылы қоғамымыздағы жұмыссыз, өзін-өзі жұмысыпен қамтитын азаматтар топтарына  көбірек көңіл аударылуда. Яғни, қоғамның жүйеленбеген топтарына аса мән берілуде. 

Қазіргі уақытта елімізде дін саласындағы негізгі құжаттардың бірі болып саналатын Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, еліміздегі діни ахуал қалыпты болғанымен, әр түрлі жат діни ағымдардың қоғам санасына ықпалы зор екені назарға алынған. Сондықтан да алдын алу жқмыстарының маңыздылығы артылмаса, кемімегені анық.

 

Кез келген адам өмірде әртүрлі жағдайларда кешіп жатады. Оның себеп-салдары да сан алуан болуы мүмкін: психологиялық, қаржылық, әлеуметтік, отбасылық қиындықтар, т.с.с. Ондай жағдайда адам мәселесінің шешімін өзі табуы мүмкін, кейде кейбір адамдар оларға сырттан ұсынылға "тез шешімге" жүгіне салуы ықтимал. Деструктивті ағымдар әдетте адамның осындай хальдерге түсуін күтіп, адамды өзінің қармағына кенеттен арбап салуға бейім келеді. 

РАТТ жұмысының мақсаты халыққа дін саласындағы түйіткелді мәселелерді жеткізіп, дер кезінде әр түрлі ағымдардан сақтану жолдары жайында кеңестер беру. Бұл мақсат қоғамның барлық азаматтарына қатысты болғандықтан, қоғамның ұйымдаспаған топтарымен де тығыз жұмыс жасау бүгін қоға алынуда. 

Белгілі жайт, қазіргі кезде елімізде бірталай азамат (шамамен 500-600-ге жуық болуы мүмкін) діни экстремизм және терроризм баптары үшін сотталып, түзету мекемелерінде жазасын өтеуде. Олардың ішінде жас шамасы 20-дағы азаматтар, олардың ішінде жас қыз-келіншектер де аз емес. Көбісі діни алауыздық туғызу баптары бойынша сотталған. Олардың кейбіреуі қателескенін түсініп жатса, кейбіреуі әлі де болса райынан қайтпағаны белгілі. 

Сонымен қатар, қоғамымызда бүгін де әр түрлі ағымдардың идеологиясын қолдайтын, діни көзқарастары бұрмаланған азаматтар аз емес. Біржақты көзқарасқа салынып, еліміздің дін саласындағы саясатына қарсыласатын, астарында бүлік шығаруға жақын жандар да бар. Бұл діни білімнің жетіспеушілігімен, адамның сыңи ойлау қабілетінен алыс екендігімен байланысты. 

Сондықтан еліміздің әр өңірінде жүргізіліп отырған түсіндіру жұмыстары халықты алдын ала тиісті ақпараттармен қамтамасыз етіп, жат ағымға қарсы тұратындай иммунитет қалыптастыруды көздейді. Мемлекеттің дінге қатымты мәселелерде ұстанатын саясаты бар. Онда мемлекеттің зайырлы қағидаттары, мемлекеттің дін саласындағы тұжырымдамасы, адамдардың діни құқығын қорғау үшін қаншалықты жағдай жасалғандығы айға таңба басқандай анық бекітілген.

 

Ар-ождан, діни сенім бостандығы деген ұғымдарды дұрыс түсінбейтін азаматтар аз емес. Бұл жерде ескере кететіні, діни сенім бостандығы дегеннің аясын – әркім өз білгенін жасауға рұқсат берілген деп түсінбеу керек. Бұл жерде қандай да бір дін болмасын ресми түрде тіркелген, өз іс-әрекетін еліміздегі заңнамаға сәйкес жүргізуге міндетті. Және де әрбір жеке азамат діни сенім бостандығының қамтамасыз етілуімен қатар, оның дін мәселелеріне қатысты жауапкершілігі де қатар жүретінін естен шығармауы абзал. 

– Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қай кезден бастап жүргізіліп келеді?

–  Шамамен 2012-2013 жылдардан бастап жүргізіліп келеді. Бұл уақытта жергілікті аймақтық басқармаларда ақпараттық-түсініру топтары құрылған болатын. Осы кезден бастап Республикалық ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істей бастады. Мен өзім бұл топ құрамында 2015-2016 жылдардан жұмыс жасап, 2017 жылдан бері топ жұмысын ұйымдастырумен айналысып жүрмін. Қандай үдерістерді байқауға болады дегенге келсек, қазір халықтың көзі ашық, ғаламтор арқылы еліміздің ішінде және шетелдерде болып жатқан жағдайлар жайлы хабардар. 

Іс-сапарлар барысында топ мүшелері шалғай аудандарға шығып жатады. Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан қойылатын сұрақтар діни бірлестіктер қызметтеріне байланысты болады. 2011 жылы дін саласында жаңа заң қабылданғанда дін бірлестіктер саны кемігені есімізде бар. Ол кезден бастап жылдан жылға ислам бағытындағы ДБ саны артып келе жатқанын көріп отырмыз. Әрбір жаңа мешіттің салынуы, оның ресми түрде тіркеуге алынуы да бірталай құжатпен жұмысты талап етеді. Кейде осы мәселелерге қатысты сұрақтар туындауы мүмкін. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тағы да бірден-бір мақсаты – халыққа дінге қатысты іс-әрекеттердің мәміле негізінде келісіліп жасалуы тиіс екендігін жеткізу. 

Сонымен қатар, діни білім-біліктілігін арттыруға ниетті халықтың қарасы қалың екеніні аңғарамыз. Діни білім алудың жолы қандай? Қалай үйренуге болатынын, қайдан білім алуға мүмкіндік қарастырылғанын сұрап жатады. Қазір мемлекет тарапынан діни білім алу мәселесіне орасан қолдау көрсетіліп, білімін жетілдіремін деген кез-келген адамға мүмкіндік мол. Бұдан бөлек қосымша курстар да (мешіттерге қарасты) жүйелі ұйымдастырылып келеді. Жалпы, елімізде ислам бағытында жоғары білім алуға толықтай жағдай жасалған. 

Бұған қоса, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің халықпен кездесуі барысында деструктивті діни ағымдармен күрес жұмыстарына да қызығушылық танытып өздерінің ұсыныстарын білдіретіндер бар. Мысалы, әлі де болса, қатаң заң қабылдау турасында мәселелер көтеріледі. Жылдың соңында ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыстарына қорытынды есеп беру барысында жоғарыда аталған халықпен кездесу кезіндегі көтерілген мәселелер, ұсыныстар тізіліп, Дін істер комитетіне есеп ретінде ұсынылады. Мәселелер емкеріліп, өз уақытында шешімін табады деген ойдамыз. 

– Республика бойынша салыстырмалы түрде діни ахуалы өршіп тұрған өңірлер қандай?

– Бұған дейін де белгілі болғандай, еліміздің батыс, оңтүстік өңірлеріндегі жағдайдың күрделірек екені белгілі. Бүгінгі күні діни ахуал тұрақты дегенімізбен, аталған облыстардағы жағдай өзгелерге қарағанда күрделілігі сақталуда. Сонымен қатар, солтүстік өңірлерде ислам бағытандағы деструктивті ағымдардың ықпалы төмен болғанымен християндық бағыттағы жаңа діни ағымдардың іс-әрекеті ойланырлықтай. 

Діни ахуалдың жағымды-жағымсыз болуына әр түрлі ішкі-сыртқы факторлар әсер етеді. Мәселені кең ауқымда қарау керек. Оның ішінде шекаралас орналасқан елді мекендер арқылы қарым-қатынас жасауға қолайлы болуы, сол өңірге өзге мемлекеттен дін өкілдері келіп, заңсыз түрде өз түсіндіру жұмыстарын жүргізуі мүмкін. Діни ахуал бір мезетте күрделі не ыңғайлы болмайды. Уақыт өте келе экономикалық-әлеуметтік мәселелерге байланысты көптеген жылдардың ішінде қалыптасып отырған жағдай. Ислам атын жамылған ағымдардың жетегіне еріп, шекара асып, шын мәнінде басына іс түскен кезде елімізге қайтып келіп жатқандары қаншама. Ал қоғамның ішінде әлі де болса шындыққа көз жеткізе алмай, жалған ақпараттырдың құрбаны болудың аз-ақ алдында тұрғандар да бар. Оларға бұған дейін қателікке ұрынғандардың ісі сабақ болы тиіс. Әрине мәселені шешу мақсатында, аталған аймақтардағы жағдайды тұрақтандыру үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. 

– Біздің елде кәсіби дін саласындағы мамандарының тапшылығы – назар аударарлық маңызды мәселе екені жасырын емес. Осы жайында ойыңызбен бөлісеңіз?

– Дін саласындағы мамандардың тапшылығы, расымен, елімізде бар проблема. Әсіресе, өңірлерге білікті дінтанушыларды тарту аса өзекті деп айтар едім. Елімізде алты оқу орнында дінтану мамандығы бойынша, сондай-ақ исламтану, теология мамандықтары бойынша білім беру ордалары қызмет етуде. Жыл сайын олардан білімдерін тамамдап жатқан мамандар да аз емес. Дегенмен, тәжірибелі маман болу үшін диплом алып шығу ғана аз. Жас маман кей кезде өңірге барып, біраз қызмет жасап, тәжірибе жинауға асығыстықпен қарауы мүмкін. Бірақ бірте-бірте бұл мәселелер де шешімін тауып келе жатыр деуге болады. Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті дін істері басқармалары мен дін мәселелер зерттеу орталықтарында дінтанушы, теолог мамандар мүлдем тапшы болса, қазіргі кезде кәсіби мамандығы дінтанушы қызметкерлер аз емес. Яғни, көш жүре түзеледі демекші, әрбір мәселе шешіміне жан-жақтылық, уақыт қажет. 

Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпаратық-түсіндіру тобының мүшелері өңірлерге шыққан іс-сапарларында жергілікті мамандарға тәжірибесімен бөлісіп, жұмыс аясындағы тиісті кеңестерімен бөлісуге дайын. 


– Сұхбатыңызға рақмет!















Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist