Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының маңызы зор. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Бақытбек Сұмағұл мәлімдеді, деп хабарлайды Toppress.kz.
Осыдан алты жыл бұрын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық коммисиямен сол кездегі Дін істері агенттігі бірлесіп, әйел және дін тақырыбында алғашқы форум өткізген болатынбыз. Бұл ауқымды іс-шараның мақсаты ата дініміздің игі ықпалы туралы айта отырып, жас қыздарымызды, қарындастарымызды салтымызға жат ағыдардан қорғау болатын.
Соңғы кезде әлемдік діни ахуалда елеулі өзгерістер орын ала бастаған болатын. Орын алған жайттың барлығы баршамызға мәлім. Біздің еліміздегі діни ахуал тұрақта деп айтқанымызбен жан жағымызда, қоршаған ортада, жалпы жаһанда болып жатқан оқиғалар бізді айналып өтпейді. Осы тұста, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің қақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салып, қыздармыз оранып қымтанбауы керек деп ашық айтқанын білеміз. Бет бердесін тұмшалап, хиджап, фаранжа киіп, сәбіилерін де орап тастаған аналардың жаппай берең алған кезеңінде айтылған пікір болатын. Елін, жерін сүйген жастарымызды бүкіл әлемге қазақ халқының тұлғасын дәріптейтін патриоттық сезімде тәрбиелеу мәселесі осы тұста өзекті болып отыр. Халқымыздың ерді тәрбиелегің келсе ұлды, елді тәрбиелегің келсе, қызды тәрбиеле деген ұлағатты сөзінің философиялық мәні де осы жерде көрініс табады.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев білім беру қызметкерлеріне арналған Тамыз конференциясында тәрбие жүйесі сапаның негізгі өлшемі болып табылатын өмірлік нақты ұстанымдарды қалыптастырудың маңыздылығын, біздің ортақ міндетіміздің өміршеңдігін, жеңіге ерік жігері бар оптимистердің жаңа буынын көтеру керек деп атап өтті. Дін саласындағы білімнің аздығынан кейбір жастарымыз адасып жатады. Сондықтан еліміздегі қоғамдық саяси жұмыстарға белсенді араласып жүрген әйелдер ұйымдарының жастар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарына атсалысып, діни экстремизмнің алдын алуға үлкен үлес қосады деген сенімдемін, − деді депутат.
Оның айтуынша, заманалар бойы ата−бабаларымыз ұстанған ұлттық салт дәстүр адасқан жастарымызды тығырықтан алып шығатын жалғыз жол болмақ.
Қоғамдағы түрлі іріткіге бой алдырып, көлденең тартып кете баратын қыздарымыздың бар екенін білеміз. Сонымен қатар, бір отбасының ұйытқысы атанып, бала шағысын асырап, барға шүкіршілік етіп, отағасын сыйлап отырған абыз аналарымыз бар. Аллаға сыйынған әйел ең біріншіден білімді болуы керек. Білімді әйел ғана өз ер азаматын ортаға тартады. Кеңес кезінде де көптеген идеологиялық тәрбиені діннен алды. Біздің тұтастығымыз асыл дініміз дейтін болсақ, әйел затының мойнында жауапкершілік мол. Ал біздің қоғамда қалыптасқан, көзімізбен көріп жүрген мәселе ер азаматтардың әйел алдындағы жауапкершілігінің төмендігі. Содан кейін барып жосықсыз жөнімен кеткен аруларымыз тағдырдың ауыр сынағына ілініп кете барады. Ең сорақысы өзімен бірге қоғамға да зияны бар жат діннің жетегінде кету фактілерінің ішінде әйел адамдардың бастамашы болуы жасырын емес.
Ақтөбенің мектептеріне басы мен аяғына дейін тұмшаланып алған әйелдер келіп, өздерінің оранған балаларын мектепке қабылдамаған үлкен кісілерге дөрекі жауап бергенін естіп, көргенде жағамызды ұстағанымыз анық. Тұмшаланған балаларына биология пәнін оқытпаймыз, превивка салдыраймыз, ерке мұғалымдердің сабақ беруіне қарсымыз деп шу шығарғандарды да білеміз. Олардың қойып отырған талаптары мұсылмандылыққа жат әрекеттер. Лас жерге жата салып, намаз оқып жатқан балаларды көріп жатырмыз. Алланың үйі бар. Неге сол жерге барып, дәретін алып, намазын оқымасқа? Ең сорақысы осындай жат ағымның жетегіне кеткен аруларымыз ұлттық менталитемізде қалыптасқан үлкенге құрмет көрсету деген құндылықтан жұрдай болып шықты. Жасы үлкен, шешелерімен жасты мұғалімдерге дауыс көтеріп, өз талаптарын қойды. Қай қазақ заманында аналарымыз үлкеннің алдын кесіп өтіп, дауыс көтерген екен? Біздің ата дініміз бұлай тәрбиелелеп еді. Ауылымызда жасы тоқсан үшке келген ақсақалға неге хадис айтпайсыз деп ешкім талап қоймап еді. Осыдан ақ өзге пиғылды ағымдардың ұлттық құндылықтарға мойынсұнбайтынын, танығысы келмейтінін аңғауға болады,− деді Б.Сұмағұл.
Оның айтуынша бүгінгі қоғамда қыз балалардың бойында иманмен нұрланған, біліммен шыңдалған жастарымыздың санын көбейтуіміз керек. Депутат "Жусан" операциясына қатысты да біраз ақпаратпен бөлісті.
"Жусан" операциясына қатысты азаматтық қоғам тарапы пікір білдіруде. Ең бірінші мәселе, Сирияға өз қалауымен, ықтиярымен, алдына мақсат қойып кеткен отандастарымыз жайында болып отыр. Сириядан оралғандардың санасы қаншалықты тазарды? Екінші мәселе, санасы уланғандармен жұмыс жүрігіп отырған топтар. Оларды ортаға бейімдеуге атсалысқандар. Бұл ретте өзінің ерік жігерісіз құрбандыққа ұшыраған, біреудің ықпалы тікелей әсер еткен жандар. Бұл ретте сол жақта өмірге келген сәбилер жайында әңгіме болып отыр. Бұл балаларға гуманитарлық жағынан барлығымыз көмектесуге тиістіміз. Себебі, ертеңгі күні жат ағымның жетегінде болғандардан сондай жамағат тәрбиеленіп шықпайдыма деген қоғам тарапынан туындаған сұрақ орынды. Осы ретте өз еркімен барғандар мен мәжбүрлі түрде барғандардың аражігін ажырата білген дұрыс деп есептеймін. Сириядағы қанды қырғында "Жусан" операциясы арқылы 595 адам елге қайтарылған. Оның 156-сы әйелдер екені анықталып отыр. Ал 406-сы балалар. Осының ішінде 32 бала жетім қалып отыр. Осыған қатысты құқық қорғау органдары тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сириядан оралғандардың ішінде 13 адам кінәлі деп танылып түрмеге жабылды. Оралдан Сирияға аттанған 50 адамның 3 еуі ғана ел оралған. Біз бұл азаматтардың толықтай қайтып бастапқы болмысына келетініне күмәнмен қараймыз. Десе де, мемлекет бұл азаматтарды шетке сырып тастай алмайды. Қайта тиісті жұмыстар жүргізіп, ақпараттық – түсіндіру топтары оңалту шараларын үнемі жүргізуде. Ата дінімізден ажырап қалмас үшін ұлт ретіндегі болмысымызды берік ұстауға тиістіміз, − деді депутат.











