2020 жылдың 16 сәуірінде жас және өнерлі қазақстандықтар үшін, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған байқау басталды. Байқау жеңімпаздарына басым бағыттар бойынша шығармашылық саласындағы республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысу үшін гранттар беріледі. Бұл байқау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қаржыландыратын "Шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру" жобасы шеңберінде жүзеге асырылады, – деп хабарлайды Toppress.kz.
Байқау аясында республикалық байқауларға 30 жеңімпаз анықталады, олар 200 000 мың теңгеден шағын грант алады, халықаралық байқауларға 20 жеңімпаз 700 000 теңгеден алады. Грант қаражаты мынадай мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін: байқауға қатысуға нысаналы жарна, жол жүру, тұру, трансфер, виза, медициналық сақтандыру немесе байқауға қатысу үшін қажетті құрал-жабдықтар (негіздеме бойынша), байқаулық киім. Гранттарды бөлу конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылады. Жобалар келесі бағыттар бойынша іріктелетін болады: музыка, хореография, театр, кино, цирк өнері, әдебиет, бейнелеу өнері, сәулет, дизайн.
Байқаудың мақсаты-Қазақстанның өнерлі, дарынды, жоғары дәрежелі әлеуметтік маңызы бар жастарын анықтау және қолдау үшін жағдай жасау. Конкурстық іріктеуге Қазақстан азаматтары болып табылатын 14-29 жас аралығындағы жастар, соның ішінде әлеуметтік жағынан осал азаматтар жіберіледі. Сондай-ақ, Қазақстанның талантты, дарынды жастарынан құралған командалар жіберіледі.
Өтінімдер 20.04.2020 ж. бастап 01.10.2020 ж. дейінгі мерзімде мына мекен-жайға қабылданады: [email protected]. Конкурстық іріктеу және оның қорытындылары туралы барлық ақпарат ҚР ақпараттық порталдарында, https://qazvolunteer.kz/ сайтында орналастырылады. https://qazvolunteer.kz Instagram Facebook әлеуметтік желілерінде ("Таланты 2020", "Логос-Караганда" беттерінде), Instagram – @ttalents2020.