• Последние

10 мыңнан аса қазақстандық «Nur Otan» праймеризіне өтініш берді

2020/08/27 21:13

Золото демонстрирует худшую квартальную динамику почти за 13 лет на фоне ястребиного разворота ФРС

2026/06/30 22:39

Аида Балаева высказалась о предстоящем суде над Гульнарой Бажкеновой

2026/06/30 19:41
сгенерировано ии

Военнослужащим Казахстана стал доступен цифровой сервис для сообщений о правонарушениях

2026/06/30 19:18

«Самрук-Қазына» реализует проекты на 21 трлн тенге до 2029 года

2026/06/30 18:39
Фото: КГД

Евразийское лето-2026: от форумной дипломатии к экономике исполнения

2026/06/30 17:44
Кадр Sydney Morning Herald

Отец устроил стрельбу в детском центре в Германии: 6 погибших

2026/06/30 17:09

В Казахстане официально разрешены полеты аэротакси и беспилотной авиации

2026/06/30 16:36

Рекордный ВВП и реформы заложили основу новой экономики Казахстана

2026/06/30 14:40

В Казахстане официально представили новую модель госуправления с однопалатным Курултаем

2026/06/30 14:17
Фото: Акорда

Токаев объявил о старте «нового исторического времени» в Казахстане

2026/06/30 14:08

Президент Казахстана выступил на совместном заседании палат Парламента

2026/06/30 13:51
Кадр из видео

Девушки в никабах ограбили магазин мобильной связи в Актобе

2026/06/30 13:37
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/01/8:59
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

10 мыңнан аса қазақстандық «Nur Otan» праймеризіне өтініш берді

2020/08/27 21:13
in Казахстан

Елімізде «Nur Otan» партиясының праймеризіне өтініш беру жалғастыруда. Тіркеудің аяқталуына бір күн қалды, деп хабарлайды Toppress партияның ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 

Бүгінге дейін 10 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, олардың ішінде 8 915 адам кандидат ретінде тіркелді. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, кандидаттардың 36,4%-ы – әйелдер, 28,9%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 3 023 кандидат ұсынылса, 6 978 – өзін-өзі ұсынушылар.

Партияішілік іріктеуге қатысуға ниет білдіргендердің жас ерекшеліктері мен әлеуметтік топтары әртүрлі. Сонымен қатар, қазіргі мәслихат депутаттары да өздерін осы праймеризде сынап көруді жоспарлап отыр.

Солардың бірі – Павлодар аудандық мәслихатының депутаты, «Ауыл – мемлекеттің тірегі» жобасының негізін қалаушы Дмитрий Корепанов.

Қалада дүниеге келдім, бірақ 2013 жылы ауылды көркейтуге, Ауыл шаруашылығын дамытуға күш саламын деп шештім. Ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ұшырасатын қиыншылықтарын бір кісідей білемін. Бүгінде аграрлық секторда маман тапшылығы сезіледі. Әсіресе, жас мамандар жетіспейді. Сондықтан қазір жастарды кәсіптік бейімдеуге, оларды фермерлік, ветеринарлық және аграрлық іске оқытуға бағытталған жобаны іске асырудамын. Праймериз – партиялық демократияны жандандырудың пәрменді тетігі. Саясатта тәжірибесі бар ма, жоқ па, ол жағы маңызды емес, әрбір кандидаттың мүмкіндігі бар, – деп өз ойымен бөлісті Дмитрий Корепанов.

Додаға түсіп, партияластарының дауысына ие болуға бұрынғы облыс әкімдері де үмітті.

Мысалы, Қызылорда облысының экс-әкімі Болатбек Қуандықов. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Самат Ескендіров те сайланбалы органдарда партияластарының  мүдделерін білдіруге ниеттеніп отыр.

Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілері халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман да праймеризге қатысады.

«Nur Otan» партиясы мәдениет пен дәстүрді дамытуды, отбасылық құндылықтарды насихаттауды үнемі қолдап келеді. Қазір халықтың санасы оянған. Қоғамда үлкен өзгерістің болатынына сенеді. Сол өзгерістің ортасында ұлтқа жаны ашитын, қаны қазақы, жаны қазақы, елдің ертеңін ойлайтын азаматтар болуы қажет. Елдің жағдайын білетін, халықпен, оның ішінде ауылмен қатынасын үзбеген ұлтжанды адамдар керек-ақ. Сонда солардың асығы алшысынан түседі деп ойлаймын, – деді айтыс жанашыры.

Айта кетейік, осы күндері «Nur Otan» партиясы Жақтастары лигасының өкілдері халықпен кездесіп, кандидаттарды тіркеу және праймериздердің келесі кезеңдеріне дайындық барасымен танысу үшін өңірлерге аттанып кетті. Олар сапарларының қорытындысы бойынша партияға тиісті ұсыныстар береді.

Еске сала кетейік, «Nur Otan» праймеризіне кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28 тамызда аяқталады. Оған қатысу үшін өтінішті https://primaries.kz/ сайтында «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады.

Партия құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген азамат үміткер бола алады. Ол үшін праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін «Nur Otan»-ның қатарына қосылу керек.

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist