• Последние

Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

2020/10/01 11:18

Президент Казахстана назначил дату выборов в Курултай на 23 августа

2026/07/01 14:33

Сын Александра Лукашенко окончил Пекинский университет

2026/07/01 14:30

«Казахмыс» реализует масштабную реконструкцию парка «Жастар» в Жезказгане

2026/07/01 13:31

Партия «Әділет» соберет инициативы бизнеса для развития горно металлургического комплекса

2026/07/01 13:08

Самый высокий памятник Месси в мире неожиданно стал вирусным

2026/07/01 12:58

Новая Конституция РК закрепила защиту персональных данных на высшем уровне

2026/07/01 12:29

Вступление в силу Новой Конституции: официальное заявление партии «Ак жол»

2026/07/01 12:22

В Карагандинской области обновили первые железнодорожные вокзалы

2026/07/01 12:14

В Астане обсудили роль премии «Евразия» в укреплении дружбы народов и международного сотрудничества

2026/07/01 11:59

Школьники угнали автомобиль и устроили погоню в Уральске

2026/07/01 11:55

Всплыли новые подробности о полицейском, чье сожженное тело нашли в горах

2026/07/01 11:55

Казахстан станет первой зарубежной площадкой производства Li Auto

2026/07/01 11:18
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/01/14:38
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

2020/10/01 11:18
in Казахстан

«Ақорда» резиденциясында бірқатар шет мемлекеттің жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Toppress.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Беларусь Республикасының Елшісі Павел Утюпин, Финляндия Республикасының Елшісі Сойли Макелайнен-Буханист, Австрия Республикасының Елшісі Вилли Кемпель, Мажарстан Елшісі Михай Матяш Галошфаи сенім грамоталарын тапсырды.   

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдің дипломатиялық миссиясы басшыларымен әңгімелесу барысында аталған төрт мемлекеттің барлығымен Қазақстанның қарым-қатынасы жақсы және түрлі салалардағы ықпалдастық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Осыған байланысты Президент мемлекеттер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Сіздер Еуропаның төрт мемлекетінің өкілісіздер. Еліміздің Сыртқы саяси тұжырымдамасында Еуропамен арадағы қарым-қатынастарға ерекше мән берілді. Еуропа Қазақстанда саяси, экономикалық ынтымақтастық және инвестиция тарту ісі бойынша маңызды рөл атқарады. Ынтымақтастығымыз одан әрі жалғаса береді деп ойлаймын. Қазақстан мен сіздердің елдеріңіз арасындағы ықпалдастыққа қосымша серпін беруіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы. 

Президент коронавирус пандемиясына байланысты мемлекеттің мейлінше күрделі кезеңді бастан өткеріп отырғанын айтты.

Біз қазіргі жағдайда екіжақты қатынастарға да, жаһандық өлшемге де әсер ететін жаңа күн тәртібін қарастыруымыз керек. Біз COVID-19 пандемиясының қиындықтары мен салдарын еңсеру үшін осы салада өзара тығыз ықпалдастық орнатамыз деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауында елімізді жаңғырту, қоғамдық өмірді демократияландыру мәселелерін қозғағанын атап өтіп, дипломаттарды аталған саладағы байланыстарды нығайтуға тиісті деңгейде мән беруге шақырды.

Өзара түсіністікті нығайту үшін еліміздің Үкіметіне де, өздеріңіздің үкіметтеріңізге де көмектесесіздер деп үміттенемін. Қазіргі уақытта бұл аса маңызды. Көптеген мемлекеттердің арасында осындай өзара түсіністіктің жоқтығы халықаралық қатынастардың шиеленісуіне алып келеді. Мәселенің мәні осында, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың екіжақты қатынастарды әрі қарай нығайту ісіне табыс тіледі. Сонымен қатар өзінің әріптестеріне – Беларусь, Финляндия, Австрия және Мажарстан мемлекеттерінің басшылары мен үкіметтерінің жетекшілеріне жүрекжарды сәлемін жолдады.

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist