• Последние

Кітапхана – ұлттың рухани азығы

2021/03/17 23:53

Любовь, деньги и карьера: гороскоп на ближайшие будние дни

2026/06/29 16:04
Фото сгенерировано ИИ

Казахстанец притворялся полицейским, обманул инвалида и обчистил квартиру: серийный аферист

2026/06/29 15:53

Стрельба у фан-зоны ЧМ в США: есть погибший и тяжелораненый

2026/06/29 15:41

Мужчина ограбил магазин, угнал патрульную машину и совершил ДТП в Павлодаре

2026/06/29 15:18

Почему появляется смог в городах Казахстана?

2026/06/29 15:02

Самолет с парашютистами разбился во Франции: погибли 11 человек

2026/06/29 13:58

«Казахмыс» внедряет 3D-печать и робототехнику для масштабной модернизации своих заводов

2026/06/29 13:35
сгенерировано ии

32 семьи стали жертвами аферы с ЕНТ: подозреваемого вернули из Албании

2026/06/29 13:06

Автомобили GAC становятся доступнее благодаря локальному производству

2026/06/29 12:21

«Я слышала плач ребенка»: семьи продолжают искать близких после землетрясений в Венесуэле

2026/06/29 11:34
Фото: BI Group

Юные футболисты Казахстана получили шанс попасть в Мадрид благодаря BI Group и Real Madrid Foundation

2026/06/29 11:20

Подростки с ножом напали на сторожа кладбища в Павлодаре

2026/06/29 10:53
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/29/16:12
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Кітапхана – ұлттың рухани азығы

2021/03/17 23:53
in Казахстан
A A

Қазақ елі қандай қиын заман болса да рухани құндылықтарымен, мәдени мұраларына селкеу түсірмеді. Өткенімізді ой елегінен өткізер болсақ, тағылымға тұнып тұрған салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениет, әдебиет, тарихын қағазға түсіріп қаттап, кітап қылып шығарамасада, ауыздан ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттап, аманат етіп отырған. Кешегі дуалы ауыз дана бабаларымыз бен жырауларымыз ізгілік пен ізеттіліктің, имандылық пен ибалылықтың жаршысына айналған еді.

Бүгінде сол асыл қазыналарымызды жас буынға жеткізуші алтын көпір – кітап пен кітапханалар. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихы да, əдебиеті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Жазушы Әбіш Кекілбаевтың сөзі осыған дәлел:

Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын, -деген.

 

50 жылдық мерейтой

Еліміздегі тарихы тереңнен бастау алатын, абырой-беделі жоғары, кітап қоры бай кітапханалардың бірі – Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана. Қазақстанда Брайль қарпінде кітап басып шығару ісінің 50 жылдық тарихы бар. Осы аралықта Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана талай сындарлы кезеңдерді бастан өткізді. 50 жыл, әрине, жәй жүріп өткен жол емес. Осы жылдарда мүгедектердің бар өміріне және қызметіне қоян-қолтық араласа отырып, кітапхана: оңалту, әлеуметтену, білім алу, демалу орталығына айналды.

Кітапхана тарихы, Қазақ соқырлар қоғамының тарихымен біртұтас. Қазақ соқырлар қоғамы 1937 жылы қоғамдық ұйым ретінде, көз мүгедектерінің оқуы мен тәрбиесіне, олардың кәсіби даярлығына, жаппай орта білім алуын жүзеге асыру, оларды еңбекке баулу, әркімнің жеке ерекшеліктерін ескере отырып ақыл – ой, дене қабілетін жан-жақты жетілдіру мақсатында құрылды. Өндірістік міндеттерді ойдағыдай шешіп, дами отырып, зағиптардың рухани және мәдени талап-тілектерін қанағаттандыруға зор көңіл бөлінді. Сол жылдары мемлекетіміз спорт, мәдениет, көркемөнерпаздар және кітапхана ісінің дамуына айтарлықтай қолдау көрсетіп отырды.

60-шы жылдардың ортасында арнаулы кітапханалар құру, көз мүгедектеріне, отбасына, зағиптық пен нашар көру мәселелерімен айналысатын мамандарға  кітапханалық қызмет көрсету қажеттілігі пісіп жетілді. Олармен жоспарлы түрде мәдени-ағарту жұмысына, белсенді оқуға, қоғам өміріне тарту жұмысын жүргізу керек болды. Бұл жұмысты басында кішігірім кәсіподақ кітапханалары, дауыстап оқу үйірмелері, қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнындағы қызыл бұрыш атқарды. Кейіннен мұның бәрі қайта құрылып, кітапхананың негізі қаланды.

Жарты ғасыр уақыт бойы  оңалту, ақпараттық, әлеуметтік-мәдени жалпыға қол жетімді мекеме ретінде қызмет етіп келе жатқан кітапхана 1969 – 1970 жылы № 22 Алматы қалалық кітапхана базасын ашып,  1971 жылдан бастап мемлекеттік ғылыми әмбебаб кітапхана ретінде қызметін ете бастады.

Кітапханамыз 1975 – 1986 жылдар аралығында мәдениет саласындағы қиын кезеңдерді бастан өткізді. Кітапхана ұжымы бұл қиындықтарғақарамастан, зағип оқырмандарға жоспарлы түрде қызмет көрсетті. Сол уақытта дыбыстандыру студиясы толығымен жаңа технологияда жұмыс жасай бастады.

Тәуелсіз жылдар жемісі

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміздің мәдени-рухани ахуалы бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша даму жолына түсті. Сол жылдары кітапхана процессін автоматтандыру ісі басталды, арнаулы әдебиеттерді шығаратын жаңа тифлотехникалық құралдар, зағиптарға арналған арнайы компьютерлік бағдарламалар жұмыс жасай бастады.

Бүгінгі жедел ақпарат тарату қажеттілігі туындаған заманда,  кітапханаларда уақыт талабынан тыс қала алмайды. Бұл ретте рухани құндылықтарымызды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау мүмкіндігі туды. Сол себепті 2005 жылы кітапхана жанынан «РБНСГ – Вести» интернет – газеті, нүтелі-бедерлі және жайпақбаспа шрифтімен шыға бастады. Газет барлық оқырмандарға тегін таратылып келеді. Газеттің тұрақты оқырмандарыда қалыптасты.

Сондай-ақ сөйлейтін «Менің жолым» газетін де шығарып жатыр. Оның таралымы он үш мың. Газет халқымыздың ортақ рухани құндылықтарыннасихаттауда. Кітапхананың шығармашылық ұжымы оқырманға тарихи-танымдық құндылықтарды насихаттап игі де ізгі жұмыстар атқарылуда.

Сандық жүйеге көшу – жауапты жұмыс

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында дыбыстандырылған әдебиеттерді электронды форматқа көшіру жұмысы басталды.Компьютер класының ашылуы зағип оқырмандарға, студенттерге, зағиптарға арналған «Virgo» бағдарламасының көмегімен компьютерді пайдаланып, «MS Windows», «MS Word» бағдараламасы жұмыс істеу мүмкіндігін туғызды. Заман талабынан туындаған өзекті мәселе руханият саласын да айналып өтпеуі тиіс. Кітапхана бүгінде өз оқырмандарына заманауи технологияның озық үлгісімен қызмет көрсете бастады.

Қазіргі уақытта оқырман үйден шықпай-ақ, ғаламтор арқылы іздеген кітабын тапқысы келеді. Осыған байланысты кітапхана жұмысы да түрлене түсті. 2006 жылдан бері кітапханада Брайль жүйесі бойынша басылымдарды қазақ тілінде басып шығаратын «Duxbury» арнаулы бағдарламасы орнатылды. Сандық дыбыстандырылған әдебиеттер қорын құрудың ең соңғы жетістіктегімен жабдықталған «Daisy» студиясы ашылды. Мұның барлығы кітапхана жұмысының дамуына оң өзгеріс әкелді.

Сонымен қатар оқырмандарға ақпараттың қол жетімді болуы үшін blindlib.kz сайты құрылып,қызмет етіп келеді. Осының барлығын білікті мамандарымыз атқарып отыр. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың blindlib.kz ресми сайтында көптеген электронды қызметтерге қол жеткізуге болады. Сайтта «Электрондық каталог», «Кітап мерзімін оnline ұзарту», «Виртуалды анықтама»қызметтеріде бар. Мәселен, оқырман электронды каталог арқылы іздеген кітабын кітапхана қорында бар ма, әлде жоқ па нақты біле алады. Тіпті, кей шығарманың электрондық және аудио нұсқасына қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Сайтта кітапхананың тарихы мен дамуы, қызметі мен электрондық ресурстары және жаңа басылымдар туралы мағлұмат үш тілде қатар беріледі.  

Кітап қоры молайып келеді

«Қазақстан – 2030» бағдарламасында; «21 ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» делінген. Шын мәнінде бүгінгі ұрпақ,  ертеңгі ел азамттарына  білім мен  тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны  анық.

Осыған орай халқымыздың тарихына, мәдениетіне, әдебиетіне қатысты жәдігерлерді бір орталыққа жинастырып, оқырмандардың игілігіне айналдыру жұмыстарыда өз жемісін бере бастады. Кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлiмiне білікті мамандар алынып, жүйелі жұмыстар жолға қойылды. Алыс жақын кiтапханалармен тығыз байланыс жасаудың нәтижесiнде 69440 аталымда 249805 дана, оның ішінде 10220 атаумен 32778 данасы қазақ тіліндеәдебиеттер жинақталды. Дыбыстандырылған кітап – 101851 дана, 11844 атаумен жайпақ-баспалы әдебиеттер – 62187 дана, 44394 атауменкүйтабақтар (грампластинкалар) – 5007 дана, диафильмдер 720 дана, бедерлі-графикалық құралдар – 768 дана, CD – 4337 дана кітаптар жарық көрді.

Кітап қоры рухани мұра болғандықтан, оны толық бүтін қалпында сақтап, келер ұрпаққа табыс ету кітапханашылардың қасиетті борышы. Кітапхана ұжымы үнемі  өзінің ақпараттық қорын кеңейтіп, зағип және нашар көретін оқырмандарға қызмет көрсету деңгейін көтеріп, кітапхана қорын толықтыру барысындағы жұмыстарын жандандырып келеді.

Кітап қорын дамыту мақсатында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана көрші елдің кітапханаларымен жақсы байланыс та орнаты. Ынтымақтастық бағытта Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Кваказ елдерімен ортақ меморандум қабылданды. Ортақ бастамаларымыз бен іс-шараларымызға үнемі қолдау көрсету дәстүрі де қалыптасты.

Сан салалы қызмет сапасыда артып келеді

Арнайы кітапхананың сан-салалы қызметі де дамып келеді. Әлеуметтік сауықтыру, ақпарат тарату және өзара қарым-қатынасты нығайту, зағип азаматтарға интеграциялық қызмет көрсету, зағип оқырмандар үшін ақпараттар алуға бейімделген технологияларды енгізу, мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпарат желісіндегі мүмкіндіктерін арттыру мақсатындағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді.

Руханият ошағының оқырмандарға жан-жақты қызмет көрсетудің тағы бір үлгісі – тегін компьютерлік сауаттылыққа үйренуге жағдай жасайды. Онда арнайы көмекті қажет ететіназаматтармен жұмыс істейтін Үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс орнату, қоғамдағы маңызды жаңалықтармен бөлісу және компьютерлік технологияны сауатты пайдалануды,  Брайл жүйесі бойынша оқу мен жазуды үйретеді.

Қаламыздағы тұрақты оқырмандардың мүмкіндігі шектеулі дегенмен, компьютер тілін меңгеруге деген талпыныстары жоғары. Оқырмандар  компьютерде қарапайым мәтіндерді теруден бастап, әлеуметтік желілер арқылы бір-бірімен хабар алмасуды да үйренеді. Арнайы көмекті қажет ететін азаматтар техника тілін меңгеруге талпынып, жаңа бағдарламаны таныстырған кезде компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы естіп, әріптердің орналасуын да тез арада үйреніп шығады. Ал, кітапханашы лар азаматтарға қолұшын беріп, қоғамда жан-жақты сауатты азаматтар қалыптастыруға ықпал етуде.

Оқырмандарымыз жаңа өзгерістерді үйреніп қана қоймай, меңгерген білімдерін күнделікті тұрмыс-тіршілігіне де тиімді пайдаланады.  Сондықтан оқырмандарымызда замануи байланыс құралдарын, әлеуметтік желілерді де еркін қолданады. Осыған орай, WhatsApp, instagram, facebook, ВКонтакте желілеріндегі парақшалар арқылы өткізілген шаралар, түскен жаңа әдебиеттер және басқа да пайдалы ақпараттардыжедел ұсынып отырады.

Бүгінде кітапханаларға тек «кітап алау үшін ғана барады» деп ойлау – ескірген көзқарас. Өйткені бүгінгі оқырман жан-жақтылықты талап етеді.

Оқырмандарды қоғамдық жұмыстар мен мәдени іс шараларға тарту мақсатында кітапхана жанынан «Незабутка» әдеби, музыкалық бірлестігі мен «Өнер өрімдері» мәдени, әдеби клубы ашылды. Мұнда түрлі сипаттағы кездесулер, тренингтер, пікір­таластар мен іс шаралар ұйымдастырылады.

Кітапхана – қоғам мәдениетінің көрінісі

Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кітапханашы оқырманның сұраған кітабын тауып беруші ғана емес, көптеген маңызды жұмыстардың көшбасшысына айналды. Бүгінгі заманға сай  күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жеткізуші, кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы, түрлі ісшаралар мен әдеби кештерді ұйымдастырушы, Қазақстанда ресми түрде бекітілген атаулы күндер мен белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдардың мерей тойларына арналып тақырыптық көрмелер ұйымдастырушы, әр оқырманның талап-тілегіне сай бағыт-бағдар беруші, кітап пен кітапхананы, ұлттық құндылықтар мен оқырман арасын жалғастырушы да кітапханашылар.

Көрнекті жазушы Оралхан Бөкей бір сөзінде: «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деп басып айтқан. Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен адамзат өркениеті қаншалықты жедел қарқынмен дамып жатсадакітапхананың орны бөлек.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады», деп жас ұрпаққа ұлағатты сөзі айтқан еді. Расында жастарымызды кітап оқып, білім көкжиегін кеңейтуге атсалысу жауапты да, игілікті қызмет. Шындығына келгенде оқырманды кітап оқуға баулу – ұлттың болашағы. Өйткені кітап пен кітапхана – әр қоғам мәдениетінің көрінісі және әрбір өркениет түрінің көрсекіші болып қала береді.

Жаңа іс шаралар мен көкжиектер

Қазақстанда Президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты мемлекеттік мекемелердегі шараларға уақытша тыйым салынды. Кітапханалардың жұмыстарыда онлайн-режимге көшкен болатын.

Жалпы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана бастамасымен қолға алынған жаңа форматтағы жұмыс тәртібі бүгінге дейін жалғасып, қызметкерлердің қатысуымен онлайн кездесулер мен семинарлар, түрлі шаралар да ұйымдастырылды. 

Сондай игі шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойы аясында «Жастар және Абайдың рухани құндылықтары» жас кітапханашылардың халықаралық II Слетіұйымдастырылды. Игі шарада кітапхана ісін дамыту, жас кітапханашылардың рөлін арттыру,жастардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру және оларды жоғары білікті маманретінде қалыптастыруға жәрдемдесу мәселелері осы жиында талқыланды. Шара аясында арнайыкітапханаларды жаңғыртудың үздік тәжірибелері мен оларды ағарту орталықтарына айналдырудың жолдары туралы пікірлер талқыланып, шеберлік сыныптары, тренингтер арқылы жаңа білім алудың мүмкіндіктері туралы тәжірибе алмасулар болды.

Кез-келген салаға жаңашылдық енсе, үрке қарайтын әдетіміз бар. Кітапхана жұмысын онлайн фарматта ұйымдастыру басында үрей мен қорқыныш тудырғаны анық. Білім мен ғылымға, жаңашылдыққа ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Сондықтан да осы жаңа форматтағы жұмыс жүйесіне нық сеніммен кірісіп кеттік. Нәтижесіндекітапханада онлайн форматта түрлі кездесулер мен байқаулар, виртуалды кітап көрмелері мен әлеуметтік желілерде челлендждер өткізілді. YouTube каналында және әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер ұйымдастырылып, видео өнімдер мен құттықтаулар әлеуметтік желілерге жүктеліп,оқырмандарға ұсынылды. Белгілі ақын, жазушылардың шығармаларын нашар көретін азаматтарға Брайль жүйесінде ұсыну және аудиоөнімдер арқылы насихаттау жұмыстары жалғасын табуда.

 Әлем жаңару, жаңғыру кезеңін бастан өткізіпотыр. Бұл ғаламдық өзгерістер кітапханаларды да шет қалдырмады. Таптауырын көзқарастар, стандартты шешімдер бүгінгі күн талабын қанағаттандыра алмайды. Кітапханашылар бүгінде мәдени дәстүрлер мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқырманныңжан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына жағдай тудыратын әмбебап мамандықтардың біріне айналды, дейді Асхат Байұзақов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана директоры.

 

Автор: Жанбота Толеген

 

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
0
Share