• Последние

Қазақстан орталық Азияда өмір суру ұзақтығы бойынша бірінші орынға шықты, — ҚР Денсаулық сақтау министрі

2026/04/02 18:17

Театру имени Максима Горького присвоят национальный статус: коллектив выразил благодарность Президенту

2026/05/31 14:45

В Национальном музее Казахстана завершили модернизацию климатической системы

2026/05/30 12:48

Кто может попасть под уголовную и административную амнистии в Казахстане

2026/05/30 12:45

Казахстанские спортсмены сотворили историю на чемпионате мира Worlds в США

2026/05/30 12:42

Алматы вошел в топ-10 самых быстрорастущих технологических экосистем мира

2026/05/29 22:00

Эксперт: визит Владимира Путина в Казахстан открывает новый этап стратегического партнёрства

2026/05/29 21:03

Эксперт: цифровая трансформация открывает для Казахстана новые возможности развития

2026/05/29 19:30

Bloomberg: Казахстан укрепляет позиции как ключевой посредник и стратегический центр Евразии

2026/05/29 18:47

«Устранено 140 различных препятствий для торговли: от барьеров до ограничений» Бакытжан Сагинтаев по итогам заседания ВЕЭС

2026/05/29 17:54

По итогам заседания Высшего Евразийского Экономического Совета подписано два важных международных документа с Тунисом и Сербией

2026/05/29 17:42

«Обмен опытом, лучшие практики, гармонизация законодательства» ЕЭК и ООН закрепили сотрудничество

2026/05/29 17:34

Глава Минспорта взял под личный контроль скандал с зарплатой олимпийского чемпиона Михаила Шайдорова

2026/05/29 17:28
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/05/31/19:01
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Қазақстан орталық Азияда өмір суру ұзақтығы бойынша бірінші орынға шықты, — ҚР Денсаулық сақтау министрі

by Адиль Калиев
2026/04/02 18:17
in Главное, Медицина
A A

Біріккен Ұлттар ұйымы деректеріне сәйкес, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша бірінші орынға шықты. Орташа жас – 75,4. Бұл – еліміз үшін тарихи ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты. Министрдің мәліметінше, еліміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген міндетті мерзімінен бұрын орындаған. Атап айтқанда, жұқпалы емес аурулардан ерте қайтыс болу деңгейі 25%-ғ, деп хабарлайды Toppress.kz.

«Ең сезімтал көрсеткіштер бойынша да айтарлықтай өзгерістер бар. 2022 жылдан бері ана өлімі 35%-ға, нәресте өлімі 22%-ға төмендеп, тарихи ең төмен деңгейге жетті. ЮНИСЕФ бағалауы бойынша Қазақстан жаңа туған нәрестелер өлімін азайтуда өңірдегі көшбасшы ел ретінде танылды.» ,- деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Азаматтардың денсаулығы — мемлекеттік саясаттың басты бағдары

Соңғы жылдары медицина саласындағы реформалар оң нәтижесін беріп отыр. Халық нақты өзгерістерді сезіне бастады, әсіресе өңірлерде медициналық көмек қолжетімді бола түсті. Министрдің айтуынша, өткен жеті жылда ел бойынша 1250-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды. Оның 800-ден астамы соңғы үш жылда пайдалануға берілген. Ауылдық жерлерге ерекше назар аударылып, ұлттық жоба аясында 655 нысан іске қосылды.

Маңыздысы – бұрын 200-ден астам ауылдық елді мекенде мүлде медициналық пункт болмаған. Енді шамамен бір миллион ауыл тұрғыны медициналық көмектің қолжетімділігіне ие болды. Бұл көптеген жылдар ішінде алғаш рет медициналық инфрақұрылымның тозуын айтарлықтай азайтуға мумкіндік берді. Сонымен қатар кадр мәселесі де шешілуде. Өңірлерге жас мамандар тартылуда, олар үшін 8,5 млн теңгеге дейін көтерме төлемдер, тұрғын үй және жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Бұл ауылдық жерлердегі дәрігер тапшылығын шамамен үштен біріне азайтуға мүмкіндік берді, деп ведомство басшысы атап өттіа төмендеген. Осылайша, Қазақстан өңірде осы көрсеткішке бірінші болып қол жеткізген ел атанды.

Медициналық көмекке қолжетімділік артты

Министрдің айтуынша, қазір басты назар – медициналық қызметті қолжетімді әрі жедел етуге бағытталған. Скринингтер кеңейтілді. Атап айтқанда, 76 жасқа дейінгі азаматтар арасында инсульт қаупін анықтауға арналған жаңа скрининг енгізілді. Онкологиялық тексерулер кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне енгізіліп, шамамен 300 мың адамды қосымша қамтуға мүмкіндік берді. Дәрігер қабылдау уақыты ұлғайтылды, онлайн жазылу енгізілді, пациент маршруттары оңтайландырылды. Нәтижесінде қабылдауды күту уақыты екі аптадан 2–3 күнге дейін қысқарды.

Дәрі-дәрмек арзандайды: жаңа жүйе енгізілді

Ведомство дәрілік заттардың бағасын қалыптастыру жүйесін реформалауды аяқтады. Шекті бағаларды реттеудің жаңа механизмі ең жиі қолданылатын 5 мыңға жуық препаратты қамтыды. Бұл – вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған және асқазан-ішек жолдарын емдеуге арналған дәрілер. Жаңа механизм дәрілер бағасының негізсіз өсуін тежеуге, нарықтың ашықтығын және әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – пациенттердің қаржылық жүктемесін азайтады.

Нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сатып алынатын дәрілер орта есеппен 15%-ға арзандады. Дәріханаларда баға 26%-ға дейін төмендеді. Бұл мемлекет пен азаматтар үшін елеулі үнем әкелді ,- дейді Ақмарал Әлназарова.

Отандық дәрі-дәрмек өндірісі 37%-ға ұлғайды

Соңғы екі жылда фармацевтика саласына тартылған инвестициялар 2,3 есеге артты, экспорт көлемі екі есеге жуық өсті. Нарық көлемі 1,28 трлн теңгеге жетті, ал отандық дәрі-дәрмек өндірісі 37%-ға ұлғайды. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, онкология, қант диабеті және басқа ауруларды емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, дәрінің 400-ден астам түрін шығару бойынша 316 млрд теңгеге инвестициялық келісімдер жасалды. Жалпы алғанда, жүргізіліп жатқан реформалар нақты нәтижелер беруде. Ең бастысы – пациент. Әрбір қазақстандық қауіпсіз, тиімді және уақтылы медициналық көмек алуы тиіс. Біздің барлық жұмысымыз дәл осы мақсатқа бағытталған.

Биыл медициналық көмек көрсетуге шамамен 2,6 трлн теңге бөлінеді

Медициналық көмекті қаржыландыру жыл сайын артып келеді, 2026 жылы медициналық қызметтерді сатып алуға шамамен 2,6 трлн теңге қарастырылған. Бұл қаражат медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, ұйымдардың тұрақтылығын күшейтеді. Сонымен қатар, қаражатты тиімді пайдалану бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2024–2025 жылдары халық арасында ең сұранысқа ие медициналық қызмет түрлері мен бағыттары айқындалып, оларға басымдық берілді. Нәтижесінде 426 қызметтің тарифі жаңартылды. Бұл – жалпы тарифтердің 70%-ы.

1 қаңтардан бастап гастроэнтерология, нефрология, кардиология, неврология, пульмонология, эндокринология, жұқпалы аурулар және басқа да негізгі бағыттар бойынша тарифтер артты. Бұл медициналық ұйымдарға ең қажетті аурулар бойынша көмектің қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, тарифтерді, төлем механизмдерін және медициналық көмек көрсету стандарттарын қайта қарау нәтижесінде 2024 жылы 204 млрд теңге, 2025 жылы 152 млрд теңге оңтайландырылды. Бұл қаражат ең сұранысқа ие медициналық қызметтерді қаржыландыруға бағытталды.

Осылайша, қабылданып жатқан шаралар жүйедегі өзгерістердің тек қаржылық емес, сонымен қатар пациенттер үшін нақты сезілетін болуын қамтамасыз етуге бағытталған – яғни мамандандырылған көмектің қолжетімділігі, өңірлерде бөлімшелердің қайта ашылуы және медициналық қызмет сапасының артуы. Бұл өзгерістердің бірқатарын пациенттер қазірдің өзінде сезіне бастады, ал жоспарланған реформалар жүзеге асқан сайын олардың әсері күшейе түседі, деді Денсаулық сақтау министрі.

Педиатриялық көмекті қысқартылмайды

Министр педиатриялық көмектің қысқартылмайтынын жеткізді. Керісінше, 366 жаңа педиатриялық бөлімше және ерте араласу орталықтары ашылды. Диагностика күшейтіліп, баланы сүйемелдеудің мультидисциплинарлық моделі енгізілді. Қазірдің өзінде оң нәтиже байқалады, деді ведомство басшысы. Мысалы, нәресте өлімі тарихи ең төмен деңгейге түскен. Үй жағдайында балалар өлімі 22%-ға азайып, бұзылыстарды ерте анықтау 20%-дан астам өскен.

Дәрігерлерді қолдау жалғасады

Соңғы жылдары Мемлекет басшысының тұрақты қолдауының арқасында медицина қызметкерлерінің жалақысы өсіп келеді. Биылдан бастап инфекциялық қызмет, эпидемиологтар және жедел жәрдем қызметкерлеріне қосымша үстемақылар енгізілді, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесі енгізілді, дәрігерлердің құқықтық қорғалуы күшейтілді. Сонымен бірге, медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, медициналық ұйымдардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Өңірлерде қолдау шаралары қарастырылған: оқыту, халықаралық тағылымдамалар, әлеуметтік қолдау. Нәтижесінде дәрігер тапшылығы жалпы ел бойынша шамамен 20%-ға, ауылдық жерлерде 26%-ға азайды, деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
0
Share