Бүгін Үкіметте ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ағымдағы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы баяндады, Toppress.kz деп хабарлайды.
Алдын ала бағалау бойынша 2018 жылғы қаңтар-қазанда ЖІӨ-нің өсуі
2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ті құрады. 6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,8%-ті құрады. Инфляция жыл басынан бастап (2017 жылғы желтоқсанға қарағанда 2018 жылғы қазанда) 3,7%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,6%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 4,1%-ке және ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 3,5%-ке өсті. Жылдық мәндегі инфляция 2017 жылғы қазанда 7,7%-ке қарағанда 5,3%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 4,7%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,5%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 4,8%-ке өсті. Айлық инфляция ағымдағы жылғы қазанда 0,4% құрады.
Инфляциялық процестердің бәсеңдеуі аясында 2016 жылдың басынан бастап ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені 2017 жылғы желтоқсанда да сақталған 2016 жылғы ақпандағы 17%-тен (2016 жылғы мамырда 15%, шілдеде 13,0%, қазанда 12,5%, қарашада 12%, 2017 жылғы ақпанда 11,0%, маусымда 10,5%-ға дейін) 2017 жылғы тамызда 10,25%-ке дейін біртіндеп төмендетті. 2018 жылғы маусымда базалық мөлшерлеме 9%-ке дейін төмендетілді. 2018 жылғы қазанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9,25%-ке дейін көтерді,- деді Сүлейменов.
Оның айтуынша, негізгі капиталға инвестициялар көлемі 20,8%-ке (2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте 21,6%, 2018 жылғы қаңтар-тамызда 21,4%, 2018 жылғы қаңтар- шілдеде 23,7%) ұлғайды.
Елдің халықаралық резервтері 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 85,6 млрд. АҚШ долларын құрады және 2017 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда 2,7%-ке азайды (2018 жылдың басынан бастап 3,9%-ке төмендеді), оның ішінде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 0,1%-ке (2018 жылдың басынан бастап 3,1%-ке төмендеді) 56,5 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 29,1 млрд. АҚШ долларын құрады және 7,6%-ке төмендеді (2018 жылдың басынан бастап 5,4%-ке азайды). Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірістері 2018 жылғы қаңтар-тамызда 707,9 мың теңгені құрады және 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 10,0%-ке, нақты мәнде 3,5%-ке өсті, – деді ҚР Ұлттық экономика министрі.
Оның айтуынша, орташа айлық номиналды жалақы 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте 158,2 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 8,3%-ке, нақты мәнде 1,9%-ке ұлғайды.
Жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы қыркүйекте (бағалау) 4,9%-ды құрады. Ал экономика салаларындағы ахуал мынандай: 2018 жылғы қаңтар-қазанда саудада (7,2%-ке), өнеркәсіпте (4,7%-ке), көлік саласында (4,5%-ке), құрылыста (4,1%-ке), байланыста (3,4%-ке) және ауыл шаруашылығында (2,5%-ке) өсудің оң серпіні байқалды. 2018 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,7%-ке ұлғайды. Өнеркәсіптің өсуіне машина жасау, химия өнеркәсібінің тауарларын, темір кендерін, табиғи газды және шикі мұнайды өндіру елеулі әсер етті,- деді ҚР Ұлттық экономика министрі.
Оның айтуынша, темір кендерін өндірудің – 8,1%-ке, табиғи газды өндірудің 4,9%-ке және шикі мұнайды өндірудің – 4,8%-ке өсуі есебінен кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде өндіріс 4,6%-ке ұлғайды. Машина жасау – 14,2%-ке, қағаз және қағаз өнімдерін өндіру-9,2%-ке, мұнай өңдеу өнімдерін өңдеу – 9,2%-ке, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 8,5%-ке, қағаз және қағаздан жасалған өнімдерін өндіру – 6,1%-ке, металлургия өнеркәсібі өнімдерін өндіру – 4,6%-ке, тоқыма бұйымдарын өндіру – 4,5%-ке және жиһаз өндіру – 3,9%-ке өсуі есебінен өңдеу өнеркәсібінде 5,4%-ке ұлғайған.
Өңірлік бөліністе өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі 13 өңірде, 1 өңірде (Алматы облысында) өткен жылдың деңгейінде, 3 өңірде төмендеу байқалады. Өнеркәсіптің неғұрлым жоғары өсу қарқыны Атырау (11,9%-ке), Шығыс Қазақстан (9,6%-ке) және Қостанай (8,7%-ке) облыстарында байқалады. Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,9%-ке ұлғаюы есебінен ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсуі 2,5%-ті құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі 13 өңірде, 1 өңірде төмендеу (Батыс Қазақстан) байқалып отыр. Ең көп өсу Жамбыл (4,0%-ке), Қарағанды (3,9%-ке), Ақтөбе (3,6%-ке), Маңғыстау (3,5%-ке) және Түркістан (3,4%-ке) облыстарында белгіленді. Құрылыс жұмыстары көлемі 4,1%-ке өсті. Құрылыс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде және төмендеуі 3 өңірінде байқалады. Құрылыстың неғұрлым жоғары қарқыны Шымкент қаласында (155,1%-ке), Қостанай (24,6%-ке), Шығыс Қазақстан (19,1%-ке), Қарағанды (14,5%-ке) және Солтүстік Қазақстан (11,8%-ке) облыстарында тіркелген. Ал құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі Ақмола (17,0%-ке), Жамбыл (12,2%-ке) облысында, Астана (10,5%-ке) қаласында және Атырау (3,2%-ке) облысында байқалады. Жамбыл (41,5%-ке), Маңғыстау (39,7%-ке) облыстарында, Шымкент қаласында (35,2%-ке), және Алматы облысында (30,3%-ке) тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынының айтарлықтай өсуі есебінен 2018 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 11,6%-ке өсті. Көлік қызметтерінің көлемі 4,5%-ке өсті. Байланыс қызметтерінің көлемі 3,4%-ке ұлғайды. Бөлшек және көтерме сауда көлемі 7,2%-ке өсті, – деді министр.
Қаржы секторындағы көрсеткіштер
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 12 667,5 млрд. теңгені құрады және 2018 жылдың басынан бастап 0,3%-ке азайды (2017 жылдың тиісті айымен салыстырғанда 4,2%-ке азайды). Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер жылдың басынан бастап 7,3%-ке 7 571,5 млрд. теңгеге дейін төмендесе (2017 жылдың тиісті айымен салыстырғанда 13,8%-ке төмендеді), жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 12,2%-ке 5 096,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (2017 жылдың тиісті айымен салыстырғанда 14,7%-ке ұлғайды). 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте жаңадан берілген кредиттердің көлемі 9 597,4 млрд. теңгені құрады және 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 25,8%-ке өсті. Берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2018 жылғы қыркүйекте 13,4%-ті құрады,- деді ҚР Ұлттық экономика министрі. Оның айтуынша, ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша 2018 жылғы тамызда 14,5%-тен 2018 жылы қыркүйекте 15,4%-ке дейін өсу, қысқа мерзімді кредиттер бойынша 12,2%-тен 12,1%-ке дейін төмендеу байқалып отыр.
Қысқа мерзімді кредит беру көлемі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте
2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 21,2%-ке 5 238,1 млрд. теңгеге (үлесі 54,6%) дейін, ұзақ мерзімді кредит беру көлемі 31,8%-ке 4 359,2 млрд. теңгеге (үлесі 45,4%) дейін ұлғайды. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте жаңа кредиттер негізінен саудаға (3 299,1 млрд. теңге – үлесі 34,4%) және өнеркәсіпке (1 452,1 млрд. теңге – үлесі 15,1%) бағытталды. Құрылысқа 406,7 млрд. теңге (үлесі 4,2%), көлік саласына – 290,4 млрд. теңге (үлесі 3,0%), сондай-ақ ауыл шаруашылығына – 88,6 млрд. теңге (үлесі 0,9%) бағытталды. Депозиттер 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 17 648,1 млрд. теңгеге жетіп, жылдың басынан бері 0,8%-ке, оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттері – 3,0%-ке 8 363,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ал заңды тұлғалардың депозиттері – 1,1%-ке 9 284,5 млрд. теңгеге дейін азайды. Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2018 жылғы тамызда 54,0%-тен қыркүйекте 52,5%-ке дейін азайды. Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 – банк жүйесінен тыс ақша) көлемі жыл басынан бастап 6,2%-ке ұлғайып, 2 067,0 млрд. теңгені құрады. Ақша массасы (М3 – айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) 2018 жылдың басынан бастап 1,3%-ке 19 715,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2018 жылғы қазанда теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 1 АҚШ долларына 360,7-373,7 теңге ауқымында құбылды, 2018 жылғы қаңтар-қазанда орташа есеппен 1 АҚШ долларына 339,4 теңгені құрады,- деді Тимур Сүлейменов.
Сонымен қатар, аталған мерзімде төлем теңгерімінің ағымдағы операциялары шотының теріс сальдосы 1 427,5 млн. АҚШ долларын немесе ЖІӨ – ге қатысты (-0,8%) құрады (2017 жылғы 1 жартыжылдықта 2 883,5 млн. АҚШ долларын немесе ЖІӨ – ге қатысты (-1,8%) құрады). Шетелдік инвестициялардың таза ағыны 4 781,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылғы 1 жартыжылдықтың деңгейінен 53,8%- ға төмендеген (3 108,8 млн. АҚШ доллары).
Алдын-ала мәліметтер бойынша 2018 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 59,8 млрд. АҚШ долларын құрады және 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ке ұлғайды, оның ішінде экспорт – 39,1 млрд. АҚШ долларын (28,2%-ке өсу), импорт – 20,8 млрд. АҚШ долларын (10,8%-ке өсу) құрады, – деді ол.
Оның айтуынша, мемлекеттік бюджетке түсімдер 2018 жылғы қаңтар-тамызда 7 196,8 млрд. теңгені құрады және есептік кезеңнің жоспарына қатысты
93,7%-ке (жылдық жоспарға 66,0%) орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 5 252,3 млрд. теңге. Шығыстар 7 438,8 млрд. теңгені құрады және есептік кезеңнің жоспарына қатысты 98,0%-ке (63,3%) орындалды, оның ішінде шығындар – 7 143,9 млрд. теңге немесе 97,9% (62,5%).
Республикалық бюджетке түсімдер 5 854,5 млрд. теңгені құрады және есептік кезеңнің жоспарына қатысты 95,2 пайызке (жылдық жоспарға 65,1%) орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 3 694,1 млрд. теңге. Шығыстар 6 277,0 млрд. теңгені құрады және есептік кезеңнің жоспарына қатысты 98,6%-ке (65,0%) орындалды, оның ішінде 6 035,5 млрд. теңге немесе 98,6% (64,4%). Тапшылық 422,5 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 0,7% құрады,- деді министр.
ҚР экономика министрі сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің кірістерінің өсу қарқыны 117,5%, республикалық – 120,6%, жергілікті бюджеттердің – 110,4%-ды құрағанын жеткізді.
Шығыстар бойынша орындау жақсарды. 2017 жылдың 10 айымен салыстырғанда орындалмау сомасы мемлекеттік бюджет бойынша 58 млрд. теңгеге, республикалық бюджет бойынша 21 млрд. теңгеге, жергілікті бюджеттер бойынша 40 млрд. теңгеге төмендеді. Кірістердің артығымен орындалуы есебінен бюджет тапшылығы іс жүзінде есепті кезең жоспарынан біршама төмен болды: мемлекеттік бюджет бойынша – 295 млрд.теңге (жоспар – 738 млрд.теңге), республикалық бюджет – 376 млрд.теңге (жоспар – 686 млрд.теңге) жергілікті бюджеттер – 6 млрд.теңге (жоспар – 140 млрд теңге). Мемлекеттік бюджетке 6,4 трлн.теңге көлемінде кірістер келіп түсті. Мемлекеттік бюджет бойынша асыра орындау 277 млрд.теңгені құрады, республикалық бюджет бойынша – 208 млрд.теңге, жергілікті бюджеттер бойынша – 69 млрд.теңге. Жалпы, мемлекеттік бюджет кірістері 104,5%-ға орындалды, – деді министр.