Қазақстан кәсіптік одақтарының күні 10 қазанда аталып өтеді, деп хабарлайды Toppress.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасай отырып.
Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысы нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.
Қаулыға сәйкес, мерекелік күндердің тізбесі Қазақстан кәсіптік одақтарының күнімен толықты. Жаңа мейрам 10 қазанда аталып өтеді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.











