Полиция өкілдері 13 жастағы "Балапан" телеарнасының жүргізушісінің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Toppress.kz.
10 мамыр күні сағат 17:30 кезінде елордадан Қосшы ауылы бағытындағы, яғни "Garden village" коттедж кенті маңында болған жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы орайда тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған велошабандоз ауруханаға жеткізілді. Ол 16 мамыр күні алған жарақытынан көз жұмды, – делінген Полиция департаментінің мәліметінде.
Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін "Balapan" телеарнасының әлеуметтік желідегі парақшасында Құтжан Бағлан Ғалымбекұлы өмірден озғаны хабарланған еді.