• Последние

Қауіпті интернет. Әлеуметтік желідегі деструктивті діни ағымдар

25.07.2021

«Абайға құрмет»: в Семее открылся физкультурно-оздоровительный комплекс

22.08.2026

Инвестиции в водное хозяйство Казахстана достигли рекордных 677 млрд тенге за два года

22.08.2026

Доля ВИЭ в энергобалансе Казахстана выросла в четыре раза

22.08.2026

«Пора менять лидера» – член партии зеленых потребовал обновления руководства «Байтақ»

21.08.2026

Токаев призвал казахстанцев принять участие в первых выборах в Курултай

21.08.2026

Мозаика общего выбора: молодежь области Абай напомнила о выборах в Курултай

21.08.2026

Прокуратура предупредила о запрете агитации перед выборами в Курултай

21.08.2026

Казахстан укрепляет позиции в мировых образовательных рейтингах

21.08.2026

Каждый второй тенге крупных закупок приходится на казахстанскую продукцию – Эльдар Гумаров

21.08.2026

Аида Балаева ознакомилась с обновленной музейной изостудией «АРТ-Лаборатория» Национального музея искусств РК имени А.Кастеева

21.08.2026

«До Алматы рукой подать»: Мендыбай ага добрался до Алматинской области

21.08.2026

В области Ұлытау в рамках проекта «Читающая нация» планируется охватить 20% населения

21.08.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/08/22/12:54
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Қауіпті интернет. Әлеуметтік желідегі деструктивті діни ағымдар

by Алина Автор
2021/07/25 10:12
A A

Деструктивті діни ағымдар адамдарды өз қатарына тарту үшін интернетте, әлеуметтік желілерде көбінесе мақсатты жарнаманы (таргетинг тәсілін) қолданады. Таргетинг – интернеттегі тұтас аудиториядан тек арнайы көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін бөлікті ғана таңдауға және дәл сол қолданушыларға ғана жарнама көрсетуге мүмкіндік беретін механизм.

Әдетте деструктивті діни ағымдар жарнама арқылы діни мәселелер бойынша ақпаратты, діни іс-шаралар туралы хабарламаларды, оқу курстары мен мотивациялық дәрістерді тегін тарататынын айтады. Сондай-ақ дәстүрлі емес діни нанымдағы топтар мен қауымдастықтарды астарлы түрде жарнамалайды. Әдетте хабарландыруға жауап берген адамдардың барлық мәселелері шешілетініне уәде беріледі, оларға әртүрлі көмек көрсетіліп, діни және теологиялық мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Қазақстанда ВКонтакте әлеуметтік желісі діни ағымдарды таратудың негізгі платформаларының бірі болып табылады. Психологтардың айтуынша, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер адамның жеке мәліметтеріне, қызығушылықтарына толық қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл жағдай деструктивті діни ағымдардың болашақ жақтаушыларын тарту процесін жеңілдетіп отыр.

Негізінен жастар деструктивті діни ағымдардың әсеріне жиі ұшырайды. Діни сауаттылықтың болмауына, психологиялық, отбасылық, өмірлік проблемалардың болуына, жалғыздыққа байланысты адамдар дінге қызығушылық танытуы мүмкін.

Біздің елде осындай деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес әртүрлі жолмен жүзеге асуда. Ең алдымен, құқық қорғау органдары тыйым салған ақпараты бар сайттарды, парақшаларды және материалдарды бұғаттайды. Сондай -ақ, жеке азаматтар экстремистік, деструктивті идеологияны насихаттайтын басылымдарға дербес тұлға ретінде де шағымдана алады.

Сонымен қатар, елордамыз Нұр-Султан қаласында бүгінгі күні арнайы құрылған Діндерді зерттеу орталығы жұмыс істейді.

2020 жылы Орталық жүргізген әлеуметтік желілердегі  (ВКонтакте, Инстаграм, Facebook және т.б.) деструктивті идеяларды насихаттайтын заңсыз материалдар мен мәтіндерді жариялау бойынша мониторинг нәтижесінде 12 мыңнан астам радикалды материал табылған. Бұл материалдардың деструктивті діни ағымдардың идеологиясын насихаттағаны анықталған. Анықталған деструктивті материалдар бойынша ақпарат құзырлы органдарға жіберілген.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұхановтың айтуы бойынша жыл басынан бері 65 -ке жуық деструктивті діни парақшалар анықталған.

«Мұндай парақшалар қазақстандықтарды жиһад және экстремистік ұйымдар идеясымен таныстырып, өз қатарларына қосқысы келген. Біз интернетте осындай парақшаларға жазылған 4 мыңнан астам адамға ескерту жасадық. Биылғы жылы деструктивті діни топтарда тіркелген 2204 адамға әлеуметтік желілердегі деструктивті парақтардан бас тартуды талап ететін ескерту хаты жіберілді. Жыл басынан бері интернет -ресурстар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында радикалды және деструктивті мазмұндағы 12 мыңға жуық материалды анықтадық және оларды одан әрі бұғаттауға бағыттадық. Естеріңізге сала кетейін, күмәнді діни бірлестіктерге жазылу, деструктивті материалдарды тарату Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490 -баптарын бұзуға әкеледі. Осы орайда, заңды білмеу – мұндай азаматтарды ақтамайтынын да ескерткен жөн», — дейді басқарма басшысы.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174 -бабына сәйкес әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру әкімшілік айыппұлға немесе 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.