Алматы ауданының әкімі Бектенбай Есполов жергілікті тұрғындармен танысуды жалғастыруда. Ол жайлы Facebook парақшасында жазды, – деп хабарлайды Toppress.kz.
Ауданмен және жергілікті аудан тұрғындарымен жақынырақ танысудамын. 21 мамырда күндізгі жұмыс бабымен аралау барысында Қалдаяқов, Панфилов даңғылдары мен Президент саябағын абаттандыруды қайта қалпына келтіру бойынша тапсырма бердім.Бұдан кейін Железнодорожный тұрғын алабына газ өткізу жұмысымен танысып, ТКШ Жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексердім. Бүгін Қордай 75 мекенжайы бойынша 8 лифтті ауыстырамыз.Сонымен қатар, Промышленный тұрғын алабындағы апатты жағдайдағы ескі үйлерге барып қайттым. Железнодорожный және Промышленный тұрғын алаптары тұрғындарымен танысқаныма қуаныштымын. Сіздерге әділдіктеріңіз бен адамгершіліктеріңіз үшін алғыс білдіремін! – деді ол.











