Ішкі істер министрлдігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз елімізде ұрлық қылмысы жиі жасалатынын айтты, – деп хабарлайды Toppress.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Өткен аптада 3 434 қылмыс пен құқықбұзушылық тіркелді. Кезекші тәртіп сақшылары 2 229 істі ашты. Ұрлық жиі тіркелетін қылмыс болып отыр. Өткен аптада Қазақстан бойынша 1 316 ұрлық дерегі тіркеліп отыр. Оның ішінде 568 іс ашылды, – деді министрлікте өткен брифингте.











