1. Еуропа Кеңесі және оның Қазақстанмен ынтымақтастығы туралы қысқаша ақпарат.
1949 жылы құрылған Еуропа Кеңесі бүкіл Еуропада адам құқықтарын, заң үстемдігін және демократияны ілгерілету үшін құрылған халықаралық ұйым. Еуропа Кеңесінің штаб-пәтері Страсбургте (Франция) орналасқан және оған 700 миллионнан астам адамнан тұратын 46 мемлекет-мүшелері кіреді. Еуропа Кеңесі Еуропалық Одақтан (бұдан әрі – ЕО) ерекшеленеді және кеңірек жалпы еуропалық орган ретінде жұмыс істейді.
Еуропа Кеңесінің жұмысы үш негізгі қағидаттарға негізделген: стандартты орнату, мониторинг және ынтымақтастық.
Еуропа Кеңесінің жетістіктері 1950-ші жылдардың басынан бері Еуропаның құқықтық және саяси ландшафтын, 225 заңды күші бар халықаралық шарттар, сондай-ақ Еуропада және одан тыс жерлерде адам құқықтарын, заң үстемдігін және демократияның жұмысын қорғауға көмектесетін көптеген ұсыныстар мен қарарлар нәтижесінде айтарлықтай қалыптастырды.
Келісімдердің көпшілігі Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитетінің мүшелігіне кірмейтін мемлекеттер үшін тек ресми түрде мирасқор болуға шақырған жағдайда қосылуға ашық.
Еуропа Кеңесі 1990 жылдардың аяғынан бастап Орталық Азия елдерімен, атап айтқанда Қазақстанмен ынтымақтастықты орнатты. Бұл ынтымақтастық 2011 жылы құрылған көрші аймақтарға қатысты Еуропа Кеңесінің Көршілік Саясатын жүзеге асыру арқылы жетілдірілді.
Саясат сұранысқа негізделген, елге тән және Еуропаға жақын елдермен және аймақтармен диалог пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған, адам құқықтарының, демократияның және заң үстемдігінің ортақ құндылықтары негізінде Еуропа Кеңесімен ынтымақтасуға мүдделі екендіктерін білдірді.
2014 жылдан бері Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен ынтымақтастығы 2014-2018, 2019-2023 және 2024-2027 жылдардағы Көршілес Ынтымақтастық Басымдықтарының бір бөлігі болып табылады.
Қазақстан Еуропа Кеңесінің құқықтық құжаттарына қосылуға өскелең қызығушылығын көрсетті. Қазақстан Республикасы Қылмыстық әрекеттен пайда болған табыстарды жылыстату, анықтау, қайтару және тәркілеу туралы (ETS 141, 2015 ж. қаңтар) және Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияларды (ETS 127, 2015 ж. тамыз) ратификациялады. Сондай-ақ, Қазақстан Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы (ETS 173, 2022 ж. маусым) және Киберқылмыс туралы конвенцияларға (ETS 185, 2023 ж. сәуір) қосылуға шақырылды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Еуропа Кенесінің Қылмыстық іс-әрекеттен алынған кірістерді жылыстату, анықтау, алып қою, тәркілеу және терроризмді қаржыландыру туралы конвенциясына (CETS №. 198, Варшава конвенциясы), сондай-ақ қылмыстық істер бойынша бірнеше басқа конвенцияларға, оның ішінде Еуропа Кеңесінің Қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету туралы конвенциясына (ETS 30) қосылуға өз қызығушылығын танытты.
2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы (Венециялық комиссияның) мүшесі болып табылады.
Оның рөлі мүше мемлекеттерге (61) конституциялық және заңгерлік кеңес беру және атап айтқанда, өздерінің құқықтық және институционалдық құрылымдарын Еуропалық стандарттарға, демократия, адам құқықтары және заң үстемдігі салаларындағы халықаралық тәжірибеге сәйкестендіруді қалайтын мемлекеттерге көмектесу болып табылады.
Қазақстан Республикасы 2020 жылғы қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (бұдан әрі – ГРЕКО) мүшелігіне кірді, яғни Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау органының мүшесі болды.
Оған Еуропа Кеңесіне кіретін барлық 46 мүше-мемлекет пен Америка Құрама Штаттары кіреді.
2022 жылы ГРЕКО, бірінші және екінші бағалау раундтарын біріктіретін 27 ұсынысты қамтитын Қазақстан бойынша алғашқы бағалау есебін жариялады.
2. Еуропа Кеңесі Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетімен қалай әрекеттеседі.
Еуропа Кеңесі 2020 және 2024 жылдар аралығында Орталық Азияның бес елін қамтитын Еуропалық Одақ/Еуропа Кеңесінің бірлескен «Орталық Азия Заң үстемдігі» бағдарламасын жүзеге асырды.
Бұл бағдарлама сыбайлас жемқорлыққа, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес (бұдан әрі – АЖ/ТҚК), сондай-ақ активтерді қайтару аспектілерін қамтитын бір құрамдас бөлігі болып табылады.
Еуропа Кеңесі оны жүзеге асыру барысында Қазақстанның тиісті мекемелерімен, соның ішінде Бас прокуратура (бұдан әрі – БП) және оның Активтерді қайтару жөніндегі комитетімен (бұдан әрі – Комитет) өзара іс-қимылды тығыз жүзеге асырады.
Бағдарлама активтерді қайтару саласына қатысты, Қазақстан Республикасының құзыретті органдарына тікелей қолдау көрсетіп, 2022 жылы активтерді қайтару жүйесі бойынша Қажеттіліктердің бағалау есебін (бұдан әрі – ҚБЕ) ұсынды.
ҚБЕ ұсыныстарын талқылау, осы саладағы озық халықаралық тәжірибелер мен қолданылатын стандарттарды зерттеу мақсатында 2023 жылғы шілдеде БП, Қаржылық мониторинг агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі және Құқық қорғау органдары академиясының сарапшыларына семинар ұйымдастырылды.
2023 жылдан бастап Қазақстанда бірнеше маңызды заңнамалық және институционалдық өзгерістер байқалды, атап айтқанда 2023 жылғы шілдеде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң қабылданды, және сол жылғы қазанда БП-ның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен жеке Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (бұдан әрі – ҚАБК) құрылды.
Сонымен қатар, Еуропа Кеңесі жаңадан құрылған Комитеттің өндірісіндегі кейстері үшін IT-инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бағдарламалық жасақтаманы алуға көмек көрсетті.
Оған қоса, Комитет 2024 жылғы мамырда Бельгия мен Швейцариядағы әріптестік институттармен тәжірибе алмасу сапарына қатысуға шақырылды.
Бұл олардың басқа ұқсас институттардың осы саладағы тәжірибе мен мәселелерін түсінуге және мүдделі институттармен тікелей байланысты дамытуға көмектесті.
Еуропа Кеңесі Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетімен ынтымақтастығын жалғастыруда.
Жақында, 2024 жылғы 18-19 қыркүйекте Еуропа Кеңесінің ұйымдастыруымен Сербияның Белград қаласында өткен «Активтерді қайтаруға арналған қосымша құралдарды енгізу» халықаралық конференциясына Комитет өкілінің қатысуына үлесін қосты.
3. Активтерді қайтару және басқару салаларындағы алдағы техникалық ынтымақтастықтың даму перспективалары.
2024-2027 жылдарға арналған жаңа Көршілес Ынтымақтастық Басымдықтары шеңберінде Еуропа Кеңесі мен Қазақстан Республикасы билігі 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ынтымақтастықтың жетістіктерін нығайтуға, атап айтқанда, Еуропа Кеңесінің конвенцияларына қосылуды ынталандыру және ұлттық реформалар бағдарламасымен қамтылған жаңа басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты бастауға келісті.
Сыбайлас жемқорлық істері және ақшаны жылыстатудың күрделі істері ішкі шекарадан тыс активтерді қайтару әрекеттерін талап етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ГРЕКО ұсыныстарын іске асыру үшін ұлттық биліктің әлеуетін күшейтуге, сонымен бірге соңғы бірнеше жылдағы жетістіктерді біріктіруге баса назар аударылады.
Халықаралық және Еуропа Кеңесінің АЖ/ТҚК стандарттарына сәйкес ақшаны жылыстатуға қарсы күрес және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық та күшейтіледі.
2024 жылғы наурызда Еуропа Кеңесінің Экономикалық қылмыс және ынтымақтастық бөлімінің өкілдері активтерді қайтару саласындағы ынтымақтастықтың басымдықтарын анықтау мақсатында негізгі мекемелермен, соның ішінде Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков мырзамен және оның қызметкерлерімен Астанада екіжақты кездесулерді өткізді.
Еуропа Кеңесі Қазақстан сияқты серіктес елдерге активтерді қайтару және активтерді басқару салаларына қатысты халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аудара отырып, техникалық көмек көрсету жобаларын ұсынуды жоспарлап отыр.
Алдағы техникалық көмек Еуропа Одағымен Еуропа Кеңесінің Бірлескен Заң Үстемдігі туралы бағдарламасы ұлттық билік органдарының саясат пен заңнамалық шараларды әзірлеуде халықаралық стандарттарды біріктіру әлеуетін арттыруға және сыбайлас жемқорлықпен және АЖ/ТҚК-мен күресудің тиімді шараларын әзірлеуге, сондай-ақ активтерді басқару жүйелерін нығайтуға бағытталған, қол жеткізген нәтижелердің тұрақтылығын толықтырады және қамтамасыз етеді.
Жоспарланған жоба жаңадан құрылған активтерді қайтару және басқару органдарына қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша халықаралық озық тәжірибелерге негізделген олардың институционалдық және операциялық мүмкіндіктерін нығайту мақсатында техникалық көмек көрсетуін көздейді.
Атап айтқанда, бұған активтерді қайтарудың заңнамалық және нормативтік базасын одан әрі дамыту, активтерді тиімді қайтару және басқару әдістері мен тәжірибелерін қолдау бойынша іс-шаралар, активтерді бөлісу келісімдері арқылы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және арттыру кіреді.
Ұйымдасқан қылмыс, соның ішінде АЖ/ТҚК, трансшекаралық өлшемге ие. Сондықтан бұл қылмыстардың профилактикасы және олармен күресуі аймақтық/халықаралық перспективаны қажет етеді.
Еуропа Одағы Еуропа Кеңесінің Орталық Азия Заң Үстемдігі жөніндегі бағдарламасы бенефициар елдерінің талдап, олардың АЖ/ТҚК және активтерді қайтару жөніндегі тетіктерін жақсарту үшін нұсқаулықтар мен ақпараттық технологиялар (бағдарламалық жасақтама) арқылы да қолдау көрсетті.
Сондықтан ұсынылған жоба экономикалық қылмыстармен күресетін және ұрланған активтер мен пайда болуы түсініксіз кірістерді қайтаратын құзыретті органдар арасындағы аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа да назар аударады.
Демек, осы қадамдарды жасау арқылы анықталған, ұсталған, тәркіленген және қайтарылған заңсыз қаржылық ағындар көлемінің айтарлықтай өсуі көрінетін болады.
Сонымен қатар, аталған жоба елдер сарапшыларының виртуалды активтерді (ВА) ықтимал теріс пайдалануы туралы практикалық білім мен хабардарлықты арттыру үшін пайда болатын қажеттіліктерді шешеді.
Бұдан басқа, реттеуші және институционалдық негіздер және әртүрлі құзыретті мекемелердің АЖ/ТҚК-нің алдын алу және анықтаудағы рөлдері, соның ішінде виртуалды активтерді қолдану және қайтарудағы қиындықтарды шешуге техникалық көмек көрсету үшін қызығушылық тудыратын бағыттарды құрайды. Алдағы техникалық көмек жобасы Орталық Азия аймағын және Қазақстанды қамтитын болса, зор үлесін тигізетін еді.