Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметтерді автоматтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстары нәтижесінде 44 қызметтің 30-ы электрондық форматта қол жетімді болып, 26 қызмет бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы қызметтерді алудың баламасы ұсынылды. Электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесі 94% құрады. Бұ туралы VIIІ Азаматтық форумына қатысқан Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М.Е. Сұлтанғазиев баяндады. Оның айтуынша, 2018 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары барлығы – 18,4 млн. қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық нысанда – 17,3 млн. немесе 94%, қағаз жеткізгіште – 1,1 млн немесе 6%.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру, экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде рәсімдерді оңайлату және тездету шеңберінде АСТАНА-1 және Е-Терезе ақпараттық жүйелері енгізілуде. Оларды енгізудің оң әсерін біз бүгінгі күні байқап отырмыз, мәселен, декларациялардың 65%-ы экспорттық-импорттық операцияларды өту кезінде лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз автоматты режимде шығарылады, бұл ретте кедендік тазартудың орташа уақыты 1 минутты құрайды,- деді М.Е. Сұлтанғазиев.
Ал Комиет тарапынан көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шаралары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылу үстінде. Комиет Төрағасының айтуынша, жұмысты қарқынды жүргізу мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге және АЖ-ден алынған мәліметтерді пайдаланумен қашықтықтан мониторингке акцентті ауыстыруға назар аударылды.
- Бұзушылықтардың жоғары тәуекелі бар аймаққа көңіл бөлу және салық міндеттемелерін ерікті түрде орындау қағидаттарын кеңейту нәтижесінде камералдық бақылау бойынша өндірудің үлес салмағы 88% дейін көтерілуіне қол жеткізілді. Осылайша, 2018 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша бюджетке 162,1 мрлд. теңге өндірілді. 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тексерулер саны 53%-ға қысқарды (2017 жылы – 34 636, 2018 жылы – 16 232). Көлеңкелі экономиканың деңгейін қысқартуда және кәсіпкерлер ортасында адал бәселестікке ынталандыруда азаматтардың қоғамдық бақылауға қатысуға мүмкіндік беретін «Чекті талап ет те – ұтысты жеңіп ал!» акциясы сияқты халықтық бақылау шараларының бірі өз үлесін енгізеді, бұл ретте бағалы сыйлықтар да ұтып алады,- деді ол.
Оның айтуынша, акция шеңберінде 2017 жылы 336 ұтыс ойнатылып, бас жүлдеге – автомобиль тігілген. Еліміз бойынша акцияға 2,5 млн астам фискалдық чектер қатысты. Бұдан басқа, Комитет тұрақты түрде салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту бойынша, кәсіпкерліктің қорғалуын қамтамасыз ету және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша талдамалық және заң шығармашылық жұмыстарын жүргізуде.
Қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі ҚР Заң шеңберінде залалды ерікті түрде өтеген жағдайда алғашқы рет іс-әрекетті жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату жөнінде салықтық құқық бұзушылықтар бойынша залалдың шекті сомасын 2000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін көтеру, әкімшілік айыппұлдарды төмендету және т.б. бөлігіне өзгерістер енгізілді.











