• Последние

Жүзден жүйріктер дара шықты: үздік мамандар анықталды

23.10.2024

Токаев принял главу D.A.R. Metall AG и обсудил перспективы проектов с Qarmet

29.09.2026

После нападений на школы в Турции задержали 3,8 тысячи человек в рамках кибероперации

29.09.2026

Президент тапсырмасына сәйкес Шымкентте үш ірі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылысы басталды

29.09.2026

Государство перешло от реагирования к системным решениям — эксперт о трагедии в Мангистау

29.09.2026
Фото сгенерировано ИИ

Более 85% казахстанцев поддерживают решение Президента о реформировании армии

29.09.2026

Арман Кырыкбаев встретился с основателем компании 01.AI Ли Кай Фу

29.09.2026

В Карибском море судно с 60 человек перевернулось из-за драки: двое погибших

29.09.2026
Screenshot

В Посольстве Китая в Казахстане отметили 77-летие со дня основания КНР

29.09.2026

Новая эра киберустойчивости: в Астане официально стартовала международная конференция KazHackStan 2026

29.09.2026
Фото: IMAGO/SNA

Казахстан и Германия нацелены на углубление промышленной и технологической кооперации – Токаев в статье на Handelsblat

29.09.2026

14 человек погибли при пожаре на заводе пиротехники в России

29.09.2026

Subaru представила юбилейные WRX GD25 и BRZ ZC15

29.09.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/09/30/4:32
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Жүзден жүйріктер дара шықты: үздік мамандар анықталды

by Темирлан Жапаров
2024/10/23 11:17
A A

 

Қай салада болмасын, жұмысшы мамандықтарының еткен еңбегі ерен. Олар мекеменің негізгі қозғаушы күші саналады. Әсіресе, өндіріс саласында жұмысшыларға жүктелер жауапкершілік жүгі ауыр. Сондықтан олардың көзсіз ерліктері сөзсіз жоғары құрметке лайық. Жұмысшыларын компанияның басты іргетасы деп санап, оларды үнемі ынталандырып отыратын магистральдық газ құбырының ұлттық операторы – «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы жыл сайын Қазақстан бойынша барлық филиалдарының жұмысшылары арасында  «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауын өткізіп отырады. Биылғы кезекті іс-шара «Тараз» магистральдық газ құбырлары басқармасы филиалының өндірістік объектілер базасында болып өтті, деп хабарлайды Toppress.kz.

Жалпы 2006 жылдан бері дәстүрлі өткізіліп келе жатқан байқауға биыл Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент және Тараз қаласынан 90-нан астам үміткер қатысып, бақ сынасты. Айта кету керек, аталған үміткерлер – өз аймақтық өндірістік филиалдарында алдын-ала сынақтан өтіп, жүзден жүйрік шыққандар. Олар барлығы 13 мамандық: технологиялық компрессорлар машинисі, технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарі, желілік құбыр өткізуші, газ тарату станциясының операторы, газ өндіру, ұңғымаларды зерттеу операторлары, жерасты құбырларын тоттанудан қорғау монтері, электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электрмонтері, электр газбен дәнекерлеуші, газбен кесуші, бақылау өлшеу аспаптары және автоматика слесарі, ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғылаушысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғылаушысының көмекшісі аталымдары бойынша өздерінің білімі мен біліктіліктерін қатар таразыға салып, бақ сынасты.

Байқаудың ашылу салтанатында «Тараз» магистральдық газ құбырлары басқармасы филиалының директоры Ғалымжан Сағынтаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Жыл сайын «Интергаз Орталық Азия» мекемесінде дәстүрлі түрде өткізілетін «Үздік маман» байқауы биыл Тараз қаласында ұйымдастырылып отыр. Бұл іс-шара, ең алдымен, мамандарымыздың біліктігін арттыруға зор ықпалын тигізеді. Сондықтан да бүгінгі байқау үздіктердің үздігін анықтайтын, тәжірибе алмасатын алаң десек те болады. Қыс айларының қаһарлы боранына, жаздың аптап ыстығына қарамастан, аянбай еңбек етіп, халықты газбен қамтамасыз етуге барынша күш-жігерін салып жүрген жұмысшы мамандарымызға сәттілік тілеп, алғысымды айтқым келеді! Бүгінгі додада жүзден жүйріктер дара шықсын!», – деді филиал директоры.

Өз кезегінде сөз тізгіндеген «Интергаз Орталық Азия» АҚ Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Әлия Чегреева да ыстық лебізін білдірді. «Жыл сайын үздік маман иесін анықтау біз үшін маңызды. Себебі мұндай байқаулар жұмысшылардың жігерін жанып, жұмысқа деген ынтасын арттыра түседі. Егер биыл бағы жанбаса, келер жылы тағы да бақ сынап көруге мүмкіндіктері бар. Өзара достық әрі әріптестік байланысқа үндеген байқауда қатысушылар тәжірибе алмасып, жұмысты жүргізудің жаңа қырларын да тани түспек. Сондықтан, бұл байқаудың беделі мен берері мол», – деді Әлия Жеңісқызы.

Қазіргі таңда елімізде газ тасымалдау саласы маңызды рөл атқарып тұрғаны анық. Сондай-ақ соңғы онжылдықтың бедерінде қарқынды даму жолында. Осыған орай «Интергаз Орталық Азия» мекемесі жұмысшылар үшін барлық қолайлы жағдайды жасап, жастарды оқытуға арнайы қаржы да салуда.

Кәсіби жұмысшылардың шеберліктерін шыңдайтын байқаудың басты шарты – әр жұмысшы өз деңгейі мен сапалы жұмысын көрсетіп, тапсырманы тиянақты орындау болды. Екі күнге созылған додада үміткерлер теориялық және практикалық білімдерін, дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету бойынша қабілеттерін шыңдай білді. Сондай-ақ өндірістік алаңда жұмысшылардың тәжірибелік қасиеттерін анықтап, қауіпсіз тәсілдердің қолданылуын қамтамасыз ету бойынша сынға түсті. Осылайша тартысты өткен байқаудың төрелігін әділ қазылар алқасы жария етіп, әрбір аталым бойынша жеңімпаздар марапатқа ие болды. Оларға дипломдар тапсырылып, жоғары кәсіби шеберліктері үшін жалақыларына жылдық үстемеақы белгіленді.

Ал жалпыкомандалық есепте байқаудың басты олжасы – «Үздік маман» ауыспалы кубогы ең көп ұпай жинап жеңіске жеткен «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасы филиалына табысталды.

Иә, тіршіліктің тайқазанында қайнап, шарболаттай шыңдалған еңбек адамдарына қандай құрмет көрсетсе де жарасады. Бұл тұрғыда «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның жұмысын ерекше бағалап өткен жөн. Додадан дара шыққандардың білігі мен шеберлігі кейінгілерге үлгі болғай.

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.