Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Birgemiz еріктілердің республикалық фронт-офисінің жұмысын бастау салтанатына қатысты, – деп хабарлайды Toppress.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Нұр-Cұлтанда EXPO 2017 көрме кешенінің Art Hub павильонында Мемлекет басшысының қатысуымен Birgemiz еріктілерінің республикалық фронт-кеңсесі іске қосылды.
Фронт-кеңсенің ашылуы барысында qazvolunteer.kz онлайн-платформаның жұмысы және еріктілердің жеті салалық бағыты бойынша таныстырылымы өтті: Bilim, Qamqor, Úmit, Sabaqtastyq, Taza Álem және Saúlyq. Осы жобалар бойынша жергілікті міндеттерді шешуде азаматтардың ерікті күшін қолдауға бағытталған шағын гранттар бөлінетін болады.
Фронт-кеңсе – бұл кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталық, ол бүкіл ел бойынша волонтерлік жобаларды үйлестірумен және қоғамдық мониторингпен айналысатын болады.
Оның басқа функцияларының қатарында – оқыту бағдарламаларын әзірлеу, бірыңғай ақпараттық-имидждік саясатты ұйымдастыру, call-орталық арқылы халыққа кеңес беру.