“Nur Otan”партиясы Атырау облысы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Талғат Қабдешұлы Майлыбаев аудандағы спорт саласы өкілдерімен кездесті. Ауданның 2021-2025 бағытталған сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, үміткер сайлауалды бағдарлама аясында спорт саласына жасалатын жағдайларға ерекше тоқталды.
Қатысушыларға сайлауалды үгіт-насихат жүргізілді. Кезедсу сұрақ-жауап форматында өтті. Спортшылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып ұсыныстарымен бөлісті.
Аталған іс-шара санитарлық талапты сақтай отырып 30 қатысушымен қашықтықтан Zoom платформасы арқылы жалғасын тапты. Сонымен қатар, 10 қаңтарда өтетін партия сайлауында «Nur Otan» партиясы ұсынып отырған басты басымдылықтар туралы айтылып, нақты істер партиясына дауыс беріп, қолдауға шақырылды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Жылыой ауданының сайлау қорынан төленді.










