“Nur Otan” партиясы Атырау облысы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жылыой аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сайлаубай Сұлтанғалиұлы Таласов, Қуаныш Атапкелұлы Аязбаев, және Ақылбек Едігеұлы Едігеев “Құлсары аумақтық” бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді.
Олардың ішінде білім, медицина саласы өкілдері бар. Кездесулер барлық санитарлық талаптардың сақталуымен қашықтан өтті.
Үгіт-насихат жұмыстары аясында “Nur Otan” партиясының 2021-2025 жылдарға бағытталған Сайлауды бағдарламасы таныстырылды. Кездесу аудан тұрғындарының ұсыныс пікірлерін тыңдаумен аяқталды. Үміткерлер сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта да пікір алмасып тұруға уағдаласты.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Жылыой ауданының сайлау қорынан төленді.










