Алдағы бес жылда Қызылорда қаласында алты бірдей мектеп бой көтеретін болады. Олар Саяхат шағын ауданында 300 орындық, Бәйтеректе 600 орындық, СПМК-да 300 орындық, Арай 3 мөлтек ауданында 600 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауында 900 орындық, Қызылжарма ауылында 900 орындық мектептер.
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында 3 жеке меншік мектеп ашылады. Кезең-кезеңімен 54 білім беру объектісінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл жайлы үгіт-насихат жұмыстарымен Қызылорда қаласында болған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт «Болашақ» университетінің профессор –оқытушылар құрамымен болған кездесуде айтты.
Кезедсуге «Nur Otan» партиясы атынан Қызылорда облыстық мәслихат дептаттығына үмткерлер Наурызбай Байқадамов пен Қылышбай Алдабергенов, Мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов қатысты.
Қылышбай Алдабергенов оқытушыларға: «Білімі дамыған, азаматы білікті ел ғана дамудың даңғыл жолына түсе алады. Бұл үшін біз бастапқы мектеп, колледж, университеттегі жағдайларды жақсартуымыз қажет. Бұл бағытта партиямыздың сайлауалды бағдарламасында басымдықтар көрсетілген. Нәтижесінде 2025 жылға қарай ҰБТ-да 100 және одан да көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 23%-ға дейін артады деп жоспарлануда. Мұғалімдер біліктілігін арттыру да маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта сіздердің де еңбектеріңіз маңызды. Сол себепті де болашақ педагогтарды дайындап шығарушы Сіздердің алдарыңызға келіп отырмыз»,- деді.
Жиында сайлауалды бағдарламаның білім бағытындағы бастамалары ұстаздар қауымына насихаталып, үгіт парақшалары таратылды.
Өз кезегінде сайлаушылар сауалдарын жолдап, партияға сәттілік тіледі.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Қызылорда қаласының сайлау қорынан төленді