«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасына сәйкес өңірде 16 қайта өңдеу кәсіпорнын ашу жоспарланып отыр. Оның 8-і Түркістан қаласына тиесілі. Атап айтқанда, облыс орталығында 3 сүт, 5 жеміс және көкөніс өңдейтін жоба іске асады.
Бұл туралы бүгін Түркістан шахарында бірқатар нысандарды аралап, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген облыстық сайлауалды штаб басшысы, облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Бейсен Тәжібаев мәлімдеді.


Сонымен бірге Бекарыс Шойбеков, Инара Намазбаева және өзге де үміткерлер елмен кездесті. Штаб өкілдері алдымен іскер әйелдер алқасының мүшелерімен кездесіп, партияның уақыт талабына сай атқарып жатқан жұмыс жоспары туралы айтты.

Елімізде бүгінге дейін орын алған қиын сәттерде Nur Otan» партиясы халықтың жанынан табылғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Жетекші партия алдағы уақытта да елдің экономикасы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында жұмыс істеуге ерекше ниет танытып отыр. Түркі әлемінің астанасы деген статусы бар қаламыз күн санап көркейіп келеді. Көптеген түрлі бағытта жұмыс істейтін заманауи нысандар бой көтеруде. Мұндағы жаңадан ашылған әуежай, мәдени, спорттық және туристік мекемелер халықаралық деңгейде қызмет көрсетуі керек. Сондықтан жергілікті азаматтардың біліктілігі мен білімін арттырып, сапалы қызмет көрсететін мамандар дайындауды қолға аламыз. Осы жоспарларды жүзеге асыру үшін қаламыздағы іскер қыз-келіншектерімізді «Nur Otan» партиясымен бірлесіп жұмыла жұмыс істеуге шақырамын, – деді Б.Дәулетұлы.

Сондай-ақ облыстық сайлауалды штабының басшысы «Қуаныш» сауда орнындағы сатушылармен кездесіп, жетекші партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша алдағы 5 жылда Түркістан қаласында бұрын-соңды атқарылмаған ауқымды жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.










