Бүгін «Жоңғар Алатауы» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Кубентаев Аслан Нұрахметұлы және Абдрахманов Қадыр Сакенұлы ұжым қызметкерлерімен кездесіп, «Nur Otan» партиясының атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Үміткерлер өз сөздерінде «Nur Otan» партиясының халыққа етене жақын, халықтың мұң-мұқтажын шешетін, билікпен бірлесіп жұмыс істейтін, тек қана сайлаудан-сайлауға емес, тұрақты, жүйелі қызмет ететін партия екенін атап айтты.

Сонымен қатар алдағы келе жатқан сайлауға белсенді қатысуға үндеді.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Сарқан ауданының сайлау қорынан төленді.










