Ақсу аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық «Қобызшы Молықбай Байсақұлы» атындағы мәдениет үйінде І.Жансүгіров ауылдық округінің аға буын өкілдері ардагерлермен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қайрат Абдрахманов және Ләззат Қасымбекова қатысты.

Кездесу барысында үміткерлер партияның жетістіктері, қоғамдық қызметтері және сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат материалдарын таратты.
Партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты және құқығының қорғалуы басты назарға алынатынын жеткізді. Осы бағыттар бойынша көптеген жобалардың жүзеге асуы үшін «Nur Otan» партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді. Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстар аталып көрсетілді.

Кездесуге қатысушылар үміткерлерге сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды. Жиында Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбаев Аманкелді ақсақал сөз алып, алдағы додада сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді.
Сонымен қатар үміткерлер көптеген мәселелердің шешу шарасы Ақсу аудандық «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын айтып өтті. Жиын соңында олар қатысушыларды 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Ақсу ауданының сайлау қорынан төленді.










