«Nur Otan» партиясы атынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Самат Ақпамбетов үгіт-насихат жұмыстары бойынша «Бесарық» серіктестігінің ұжымымен кездесті.
Кездесуде үміткер «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның бағдарламасымен таныстырды. Басқосуда білім, денсаулық, ауылшаруашылық, газдандыру мәселелері сөз болды.
«Бесарық» серіктестігінің негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы. Ғасырлар тоғысында құрылған шаруашылық бүгінде күріш егіп, мол өнім алып келеді. Кездесуде Сырдария ауданы бойынша ауылшаруашылығын дамытуға арналған партияның бағыттары да айтылды.
«Nur Otan» партиясы алдағы жылдары Шаған ауылында күріш ақтайтын зауыт және Қалжан-ахун ауылында балық шаруашылығын құруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Тереңөзек кентінде күріш зауытының құрылысы, ауылдық округтер аумағында 3 мың га суармалы жерлердің көлемін кезең-кезеңмен кеңейтуге ықпал етеді, – деді үміткер Самат Ақпамбетов.
Ауданды толық газдандыру мәселелері туралы сұраған Бейбіт Белгібаевқа үміткер газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы 3 елді мекенді Қалжан-ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов газбен жабдықтауға ықпал ететінін жеткізді.
Нәтижесінде аудан халқын газбен жабдықтау барысында 1850 отбасының тұрғын үйлеріне көгілдір отын кіргізіледі, – деді үміткер.
Өз кезегінде «Бесарық» серіктестік төрағасы ЖШС Мақсат Биболатов, үміткерге алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. Үміткер сайлаушыларға үгіт парақшаларын таратып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Қызылорда облысының сайлау қорынан төленді