Халықтың табысты өмір сүруі мен бәсекеге қабілетті экономикалық тұрақты ауданды қалыптастыруға бағытталған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттар А.Кубентаев және аудандық штаб мүшелері Лепсі ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықтармен таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті.
Сонымен қатар партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Үміткерлер кездесуде партияның 2021-2025 жылдарға арналған “Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір” атты бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, жүйелі жоспарларын жүзеге асыру жолындағы жаңашылдықтарды атап айтты.
Үміткерлер білім саласының қызметкерлерін 10 қаңтарда өтетін саяси таңдауда жаңылмай шешім қабылдауға шақырды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Сарқан ауданының сайлау қорынан төленді