• Последние

Асыл тұқымды мал – мал өсірудің тиімді шарты

2021/03/24 19:43

«Казахмыс» инвестирует в развитие социальной инфраструктуры Сатпаева

2026/06/28 14:34

Журналистика Казахстана: поддержка государства и признание заслуг работников СМИ

2026/06/28 10:35

Jetour T2 получил новую версию Explorer с 8-ступенчатым автоматом

2026/06/28 08:30

В Алматы работникам СМИ вручили ключи от квартир

2026/06/27 18:41

Совет Европы поддержал конституционные реформы в Казахстане

2026/06/27 17:18
Screenshot

Нурсултан Шоканов избран председателем Народной партии Казахстана

2026/06/27 16:22

Сауат Нургалиев завоевал бронзу на чемпионате мира по шахматам среди молодежи

2026/06/27 14:45

Главред КазТАГ Амир Касенов прекратил сухую голодовку на 12-й день

2026/06/26 21:49

В Европейском парламенте отметили прогресс Казахстана на пути политических реформ

2026/06/26 21:41

В Алматы наградили лучших представителей казахстанской журналистики

2026/06/26 19:56

Казахстан укрепляет позиции туристического направления: итоги первого квартала 2026 года

2026/06/26 19:50

Самолет врезался в самый высокий небоскреб Пекина

2026/06/26 18:54
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/28/21:47
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Асыл тұқымды мал – мал өсірудің тиімді шарты

2021/03/24 19:43
in Казахстан
A A

Соңғы жылдары Қазақстандағы егіншілік пен мал шаруашылығына мемлекет тарапынан белсенді қолдау көрсетілуде. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдау үшін сақтандырудың түрлері енгізілуде. Осындай кәсіпорындардың бірі – «Асыл түлік» асыл тұқымды мал өсіру республикалық орталығы. «Асыл түлік» республикалық мал асылдандыру орталығының құрылғанына жиырма жыл толды. Бұл ұйым мал шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосып, осы бағыттағы пәрменді істерді жандандыруға ұйытқы болып келеді. Осы жылы ұйым жиырма жылдығын атап өтуде. Мемлекеттік асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау бағдарламалары шеңберінде «Асыл түлік» ұйымы мал шаруашылығы саласын жандандыруда катализаторға айналды.

Бүгін біз асыл тұқымды мал өсіру және Қазақстандағы ең ірі асыл тұқымды орталық туралы ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ауылшаруашылық академиясының академигі Төреханов Айбын Әдепханұлымен әңгімелестік.

  • Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы Орталық Азиядағы ең ірі орталық болып табылатын «Асыл түлік» республикалық мал асылдандыру орталығының мақсаты туралы айтып берсеңіз?
  • «Асыл түлік» республикалық мал асылдандыру орталығы – төрт түлік малдан ұрық алу және оны мұздатудың (криокон­сервациялау) заманауи техноло­гиясын игерген Орталық Азия­дағы алғашқы кәсіпорын болды. Бұл еліміз үшін сөзсіз үлкен мақтаныш.Орталықты құрудағы негізгі мақсат елімізде өсірілген, біздің шаруашылық және климаттық ерекшелігімізге бейімделген мал тұқымының тектік қорын сақтап қалу және олардың өнімділік қасиетін жақсарту, тектік әлеуетін жаңарту еді. Осы бағытта, елімізде өсірілетін 22 қара мал тұқымының барлығынан таңдаулы бұқашықтар осы орталыққа шоғырланды. Жалпы Қазақстандағы мал шаруашылығының даму тарихына көз жүгіртсек, 1941-1991 жылдары мал басы өсіп отырса,  1991–1998 жылдары күрт азайып кетті.   Мал басының өсу кезеңінде мал сапасының артуы байқалып, асыл тұқымды мал үлесі жақсы көрсеткішке жетті. Мысалы, 1991 жылдары ірі қара саласында тұқымды мал 40%, қой шаруашылығында  асыл тұқымды мал 50%-дан астамын құрады.  2000 жылдардың басында асыл тұқымды мал үлесі ірі қара мен  қой саласында 5% -ға дейін түсіп кетті. Осы кезеңде жаппай жекешелендірудің шарпуымен, мал шаруашылығында сындарлы саясаттың қалыптаспауынан кейбір мал тұқымдары азайып, кейбірі өндірістегі айналымнан шығып қалды. Мысалы, етті ірі қара саласында галловей, қалмақ, ал сүтті сиыр бағытында латыштың қоңыр сиыры, далалық қызыл сиыр тұқымдары азайып, асыл тұқымды мал басы азғындауға ұшырады. Осы кезеңде, әлемдік тәжірибеде қалыптасқан, кеңестік кезеңде кеңінен қолданылған мал тұқымын сақтау және асылдандыру бойынша қолдан ұрықтандыру мәселесін жандандырып, әсіресе, азайып бара жатқан тұқымдардың аталық малдарын бір Орталыққа шоғырландырып, олардан ұрық алу бірден-бір ұтымды шешім еді. Ал, жергілікті малдың аталықтары жарамай жатса, шет елден сол бағыттағы асыл тұқымды бұқашықтар алдырып, селекциялық жұмыстарды жалғастыру қажет болды.  Осы шаралар, елімізде өсіріліп жатқан мал тұқымдарын аздырмай, мал басы жеткілікті тұқымдарды жақсартуға жол ашты. Сонымен, «Асыл түлік» акционерлік қоғамы елімізде өсірілетін малдардың тектік қорын сақтап, осы малдардың тұқымдық сапасын жақсартып, өнімдік әлеуетін арттыруға  қызмет етті.
  • Елімізде өсірілетін малдардың тұқымдық сапасын жақсарту бағытында қандай жұмыстар атқарылып келеді?
  • Орталық құрылған кезде елімізде 22 ірі қара тұқым өсірілетін еді, соны 19 тұқымының асыл тұқымды бұқалары іріктеліп, Орталыққа ұрық алуға қойылды. Жалпы он жылдың ішінде 350-ден астам аталық бұқалардан ұрық алынды. Оның ішінде 150-дей аталық малдар жақын және алыс шетелдерден әкелінді. Мысалы, өзімізде азғындауға ұшыраған далалық қызыл сиыр тұқымының бұқаларын Украинадан алдырттық, қан жаңарту ұстанымы бойынша Ресейден қара-ала сиырдың, Кострома сиырының, Голштин тұқымының және қазақтың ақбас сиырының таңдаулы аталық бұқалары әкелінді. Ал, Германиядан голштин, симментал, швиц тұқымдарының ұрпағының сапасы бойынша бағалаудан өткен аталық бұқалары келді. Жергілікті шаруашылықта эмбрионнан өсірілген голштин және ангусс тұқымдарының бұқашықтары да Орталықтың тектік қорын молайтуға үлес қосты. Осылай, қолдағы бар мүмкіндікті толық пайдалануға күш жұмсалды. Жалпы, жиырма жыл аясында ата­лық бұқалардан 12 миллионнан ас­там ұрық сынамасы өнді­ріл­іп­ті. Осы мезгілде елімізде мал өсірген шаруалар орталықтан 6 млн-нан астам ұрық сынамасын алып, 2 миллионнан астам мал басын ұрықтаған екен. Қазіргі таңда сауын сиырлардың 30% – дан астамы орталықтың ұрығынан тараған ұрпақтар. Осындай игі істің жетістігін шаруалар мен мамандар қажетіне жаратуда.
  • «Асыл түлік» қызметі Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытуға қаншалықты ықпал етті?
  • Мал өсірудің мәйегі – асылдандыру жұмысы. Әлбетте, асыл тұқымды мал өнімді болғандықтан, одан алынатын өнім мол. Өнімділігі мол малдан алынатын өнімнің құны да арзан болмақ. Осы аксиомаға мән берген шаруа аз еді. Жаппай жекешелендірудің өтпелі кезеңінде  жаңадан құрылған шаруашылықтардың тәжірибесі аз болып, қолдағы малын «төл алсақ болды» деген ұстаныммен артық шығын шығармай өсіріп, мал асылдандыру мәселесіне назар аудармағаны шындық. Осылай мал өсіру дағдарысқа, ал мал асылдандыру жұмысы жүйесіздікке ұшырады. Осы кезеңде кеңестік дәуірде дүрілдеген мал асылдандыру орталықтары /станциялары/ жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Сонан соң, қолдан ұрықтау жұмыстары дағдарысқа тірелді.  Мал басын сақтап қалған ірі озық шаруашылықтардың ұрыққа деген сұранысын өтейтін нарық аясы тарылды. Жаңадан шаруасын бастаған кәсіпкерлерге кеңес беретін, қызмет көрсететін мамандар да шашырап кетті. Осындай қиын кезеңде, «Асыл түлік» Орталығы жалпы республика көлемінде мал асылдандыру ісін бір жүйеге келтіру мәселесіне пәрмен берді. Елімізде өсіріліп жатқан мал тұқымдарын саралап, әр тұқымның әлеуетін анықтап, оған қажет аталық бұқаларды іріктеп, олардан ұрық алуды жолға қойды. Республика көлемінде әр өңір бойынша және аудандастырылған тұқымдар негізінде шаруашылықтарда өсіріліп отырған малдың тектік сипатына қарай аталық бұқалар бекітіліп берілді. Осыған қоса, ұрпағы бойынша сынаққа қойылған бұқалардың бағалау жұмыстары да жоспарланды. Жалпы, республика көлемінде 500-ге жуық шаруашылықтарда бұқаларды сынау жұмыстары атқарылып жатты. Осы істің ықпалымен шаруашылық мамандары қолдан ұрықтау үрдісіне қатысып, селекциялық жұмыстардың жүргізілуіне атсалысты. Осындай ауқымды жұмыс, елдің назарын аударып, мал асылдандыру ісінде қолдан ұрықтаудың маңызы айқындалып, маман дайындау ісіне серпін берілді. «Асыл түлік» мамандары жыл сайын міндетті түрде қолдан ұрықтандырушылар дайындығын өткізіп тұрды. Бұл ақысыз қызмет еді, қайтарымын шаруашылық ұрық сатып алса, ұрықтан түскен табыс өтейтін. Екінші кезеңде, мал асылдандыру жұмыстарын жеңілдету үшін компьютерлік бағдарлама енгізілді. Ресейден «СЭЛЕКС» атты бағдарлама сатып алып, өзіміздің шаруашылықтарға бейімдедік. Кейінірек, 2010 жылы өзіміздің отандық бағдарламамыз жасалды. Бұл туралы жеке әңгіме өрбітейік.
  • Мал асылдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылды?
  • Мал асылдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында атқарылған қарымды қызметтер деп бір жыныс­ты ұрықпен ұрықтандыру және эмбриондарды транспланта­циялау сияқты заманауи биотех­нологиялық әдістерді атар едім. 2010 жылы «Родина» шаруашылығында жүргізілген алғашқы эксперимент кезінде бір жынысты ұрықтан туған 100 бұзаудың 92- cі ұрғашы болып, мамандардың мәртебесі артты. Осы шаруашылық негізінде стационарлық эмбрион жуып алу зертханасы жұмыс атқарды. Бұқаларды заманауи әдіспен сынақтан өткізу мәселесі де осы озат шаруашылық базасында басталды. Осы орайда, сиыр сүтінің сапалық көрсеткішін анықтайтын зертхана құрылып, іске қосылды. Осылай, алғаш рет Қазақстанда сиыр сүтін соматикалық жасушалар бойынша бағалау үрдісі жүзеге асты. Айта берсем, «Асыл түлік» атқарған игі істер бір сұхбаттың аясына сыймайды. Дегенмен, Ор­та­лық бар әлеуетін асыл тұ­қымды мал шаруашылығын дамытуға бағыттады. Мысалы, субсидия алушы шаруаларға мал асылдандыру үрдісін ғылыми тұрғыдан қам­тамасыз ету және бұқаларды табын­дарға жоспарлы түрде қосу сынды талаптар арқылы қолдан ұрықтандыру қызметінің аясы кеңейді, асыл тұқымды аталық бұқалардың қолда бар ұрығын пайдалану мәселесі бір жүйеге түсті. Осылайша, жылдар бойы қордаланған істердің түйіні шешімін тапты.
  • «Асыл түлік» өндіріп жатқан ұрық сапасы туралы шаруалар тарапынан әр түрлі пікірлер бар, осыған не айтасыз?
  • Бүгінгі таңда, «Асыл түлік» қоймасынан шыққан ұрықтар 2 млн-нан астам сиырдан асыл тұ­қымды ұрпақ алуға жол ашты. Орта есеппен алғанда, «Асыл түлікте» алынған ұрық­тан өрбі­ген асыл тұқымды малдар­дың үлесі республикадағы тұ­қымды малдардың 30%-дан ас­та­мын құ­райды, яғни әр үшінші құ­на­жын − «Асыл түлік» орталы­ғының өнімі. Бұл статистика. Енді технология мәселесіне тоқталайын. Орталық қоймасында сақтаулы тұрған ұрық сапасы еш күмән тудыр­майды. Өйткені, ұрықты криоконсервациялау, яғни мұздату үр­дісі заманауи технология не­гізінде жүзеге асырылған. Техно­логиялық үдеріс кезеңдері адам факторының ықпалын азайтып, автоматтандыру жүйесімен қамтыл­ған. Әрбір ұрық сынамасы (доза) түтік­шеге құйылған, түтікше сыртында ұрықтың қай бұ­қа­дан және қай уақытта алынғаны тура­лы ақпарат компьютермен жазылған. Арнайы кітапшада асыл тұқымды бұқаның өнді­рістік көрсеткіштерімен қатар, оның төр­тінші ұрпағына дейін­гі ата-тегі туралы мәліметтер жазыл­ған. Ұрықты алу және крио­кон­сер­вациялау үрдісі бақылау­дың үш кезеңінен өтеді. Қатал сынақтан өткен сынамалар ғана ұзақ мер­зімді сақтауға жіберіледі. Мысалы, әр бұқадан алынған шауқат көптеген белгілеріне (қоюлығы, ұрық жасушаларының белсенділігі, қозғалу әдісі) сай компьютерлік сынақтан өтеді. Бес баллдық жүйе бойынша төрт деген бағадан жоғары ұрықтар ғана мұздатуға жіберіледі. Мұздатылған ұрықты қайта жылытып, оның белсенділігі мен қоғалыс ерекшелігі тексеріледі. Осы кезеңнен соң ғана ұрық карантинге беріледі. Карантинде бір ай сақталған соң, қайта тексерістен өтеді, осы кезеңде ұрықтың сапалық көрсеткіштері және бактериялық тазалығы қаралады. Осындай бірнеше күрделі бақылау сатысынан өткен ұрықтың сапасы күмән тудырмау керек. Әрине, көптеген мамандар кеңестік кезеңде, қалыпты әдіспен мұздатылған ұрық технологиясы сияқты қате кетуі мүмкін деген жорамалға сүйенеді.
Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
16
Share