• Последние

Жаңа экологиялық кодекс еліміздегі экологиялық жағдайдың жақсаруына әсер етеді – маман

2021/04/21 12:47

В Национальном музее Казахстана завершили модернизацию климатической системы

2026/05/30 12:48

Кто может попасть под уголовную и административную амнистии в Казахстане

2026/05/30 12:45

Казахстанские спортсмены сотворили историю на чемпионате мира Worlds в США

2026/05/30 12:42

Алматы вошел в топ-10 самых быстрорастущих технологических экосистем мира

2026/05/29 22:00

Эксперт: визит Владимира Путина в Казахстан открывает новый этап стратегического партнёрства

2026/05/29 21:03

Эксперт: цифровая трансформация открывает для Казахстана новые возможности развития

2026/05/29 19:30

Bloomberg: Казахстан укрепляет позиции как ключевой посредник и стратегический центр Евразии

2026/05/29 18:47

«Устранено 140 различных препятствий для торговли: от барьеров до ограничений» Бакытжан Сагинтаев по итогам заседания ВЕЭС

2026/05/29 17:54

По итогам заседания Высшего Евразийского Экономического Совета подписано два важных международных документа с Тунисом и Сербией

2026/05/29 17:42

«Обмен опытом, лучшие практики, гармонизация законодательства» ЕЭК и ООН закрепили сотрудничество

2026/05/29 17:34

Глава Минспорта взял под личный контроль скандал с зарплатой олимпийского чемпиона Михаила Шайдорова

2026/05/29 17:28

«Проблемный участок» за миллиарды: что происходит с трассой Астана – Павлодар

2026/05/29 17:22
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/05/31/3:49
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Жаңа экологиялық кодекс еліміздегі экологиялық жағдайдың жақсаруына әсер етеді – маман

by Алина Автор
2021/04/21 12:47
in Kazakhstan News
A A

Бүгін Қазақстандағы жаңа экологиялық кодекстегі өзгертулер мен түзетулер, еліміздегі экологиялы мәселелер және экологиялық білім беру туралы эко-белсенді Базарбек Камысбаевпен сұхбаттастық.  

– Базарбек мырза, осы жылдың қаңтар айында Президент Қ.Тоқаев Экологиялық кодекске қол қойды. Кодекспен толықтай танысып үлгердіңіз бе? Қандай жаңа нормаларды және өзгерістерді қолдайсыз?

 

– Жаңа экологиялық кодекспен толықтай танысып шықтым десем артықтау болар, бірақ басты өзгерістерді оқып, қарап шықтым. Негізі еліміздегі Экологиялық кодекс 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған, кодекске соңғы өзгеріс 2019 жылы желтоқсан айында енгізілген. Бірақ, өкінішке қарай осы 12 жыл ішінде енгізілген 75 өзгеріс біздегі экологиялық ахуалдың жақсаруына айтарлықтай бір нәтиже берді деп айту қиын. Ал жаңадан қабылданған экологиялық кодексте бірнеше жағымды өзгерістер бар. Ең бастысы бұл кодекске «ластаушы өзі төлейді және түзетеді» деген қағиданың енгізілуі. Бұл әлемде, әсіресе ЕЫДҰ (Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінде кеңінен қолданылатын қағида. Оның басты мақсаты – табиғатқа тигізген кері әсері үшін өте жоғары төлемдерді енгізу арқылы табиғатты пайдаланушылардың экологиялық саналылығын ынталандыру. «Ластаушы төлейді» қағидасы келтірілген экологиялық зиянның алдын алу мен оны жоюды көздейді.

Сонымен қатар, жаңа кодексте қоршаған ортаға эмиссия мәселесі де қарастырылған. Бұрынғы заңнама бойынша эмиссия үшін алынған төлемдерді табиғатты қорғау шараларына жұмсауды міндеттеу болмаған еді. Сондықтан, жергілікті атқарушы органдар түсімдердің бар болғаны 45%-ын ғана қоршаған ортаны қорғауға бағыттайтын. Енді жаңа экокодекс бойынша жергілікті атқарушы органдар табиғатты қорғау іс-шараларын 100% көлемінде қаржыландыруға міндетті болды.

Жаңа кодекстегі маған ұнаған тағы бір өзгеріс бұл заңсыз ағаш кескені үшін жауапкершіліктің күшеюі. Айыппұл көлемі 6 АЕК-тен Қызыл кітапқа енген ағаштарды кескені үшін 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Экологиялық кодекстегі тағы бір оң өзгеріс – қалдықтардың 5 сатылы иерархиясының және оларды өңдеудегі міндетті «кезеңділік» енгізілген. Яғни, олар: қалдықтың пайда болуының алдын алу, қайта пайдалану, өңдеу, кәдеге жарату, жерге көму. Бұл иерархия сақталатын болса, қалдықтардың азаюына септігін тигізеді.

Жаңа экологиялық кодекс осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Кодекстегі өзгерістер қатаң сақталып, іс жүзінде дұрыс орындалатын болса, бұл еліміздегі экологиялық жағдайдың жақсаруына әсер етеді деп сенемін. Барлығы уақыт еншісінде.

– Қазақстанның дамыған индустриалды ел ретіндегі экологиялық проблемалары ондаған жылдар бойы жиналып келді. Мұндай ауқымды проблемаларды шешпес бұрын жергілікті экологиялық мәселелердің шешілгені жөн деп жатады экологтар. Сіз қалай ойлайсыз?

– Меніңше экологиялық мәселелерді олай бөліп қарастырған дұрыс емес. Экологиялық мәселелердің үлкен-кішісі болмайды. Жергілікті экологиялық мәселенің өзі оны дереу шешпесе, ауқымды, тіпті әлемдік проблемаға айналып кетуі әбден мүмкін. Өйткені, табиғатта бәрі бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұған қарапайым ғана Арал теңізінің экологиялық жағдайының нашарлауы мысал бола алады. Бастапқыда бір өңірдің мәселесі болған Арал қазір әлемдік үлкен мәселеге айналып отыр. Сондықтан да, қандай да бір экологиялық проблема болса, оны үлкен-кіші деп бөлмей, шұғыл шешуге тырысқан жөн. Және бұл жердегі тағы бір баса назар аударатын жағдай «біз экологиялық мәселелерді қашан біреу келіп шешіп береді екен» деп отырмауымыз керек. Әр адам қолынан келетін кішкентай нәрселерден бастауы тиіс және табиғатқа, қоршаған ортаға бей-жай қарамауы керек. Мысалы, бір жерде біреулердің қоқыс лақтырғанын немесе заңсыз ағаш кесіп жатқанын көрсеңіз, ескерту жасап, тиісті органдарға хабарлаған дұрыс. Мұндай әрекеттер қоғамдағы адамдардың табиғатқа қатысты пікірін, санасын біртіндеп болса да өзгертеді. Үлкен істер кішкентай қадамдардан басталатынын естен шығармау керек.

– Эко-белсенді болуды қашан бастадыңыз? Сізді не итермеледі?

– Менің экофрендли өмір салтын ұстанып, осы тақырыпқа қызығып жүргеніме 3 жылдан асты. Оған менің жұбайым себепкер болды. Ол білім алған Австрия мемлекетінде экобелсенді болу қарапайым нәрсеге айналған. Суды үнемдеу, қоқыс сұрыптау, оны қайта өңдеуге өткізу сияқты нәрселерді адамдар күнделікті өмір салтына айналдырған. Ақылдаса келе, екеуміз осы нәрселерді неге елімізде жасап көрмейміз деп, сөйтіп өзімізден бастайық деп шешім қабылдадық. Бұл мәселеде ең қиыны – бастау. Экобелсенділікті біз біртіндеп бастадық, алғашында қоқысты сұрыптап лақтыратын болдық, одан кейін қайта өңделетін қоқысты лақтырмай, оны қабылдау пункттеріне тапсыратын болдық. Тұрмыстық өмірде суды үнемдеп пайдаланамыз, күнделікті тұтынатын химиялық заттарды құрамы бойынша саралап, олардың органикалық баламасын алып жүрміз. Қазір азық-түлікке де, киім-кешекке де сыни тұрғыда қарап, тек нағыз керектерін ғана сатып алу арқылы, саналы тұтынуға көштік. Дегенмен, қазір толығымен «zero waste» болдық деп айта алмаймын, бірақ барынша пластик өнімдер қолданбауға, «low waste» болуға тырысып жүрміз.

Алғашында бізді көп адам түсінбейтін, бұл еріккеннің ермегі, жай ғана уақытша тренд, хайп дегендер де болды. Ал қазір уақыт өте келе, достарымыз бен таныстарымыздың арасында экофрендли өмір салтын ұстанатындар көбеюде. Мысалы, достарымыз бізге қонаққа келерде пластик қаптамасы бар заттар әкелмейді, дүкенге барарда өздері де экосөмке ұстайды. Осылай, аз да болса, айналамыздағы адамдардың көзқарасын өзгертіп жатырмыз. Маған тағы қатты әсер еткен нәрсе бұл 2019 жылы «Жасұлан» ұйымы және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастырған «Экоchallenge» байқауы.  Бұл жай ғана байқау емес, 21 күнге созылған ауқымды экомарафон болды. Мен бұл байқау туралы инстаграмнан біліп, бірден қатысам деп шештім. Күнделікті жасап жүрген нәрселер екен, ендеше неге қатыспасқа? деп ойладым.

Бұл марафонда біз күнделікті тапсырмаларды орындап отырдық. Қоқыс сұрыптадық, көшет отырғыздық, қалдықтардан қайта пайдалануды үйрендік. Марафонның тағы бір қызықты тұсы өзің ғана емес, кейбір тапсырманы достарың да орындау керек еді. Байқаудың арқасында менің достарым, әлеуметтік желідегі оқырмандарым өздеріне пайдалы нәрселерді біліп, экология туралы көп ақпарат алды. Қызықты, әрі пайдалы бұл байқауға 500-ге жуық адам қатысты. Мен байқау әділқазыларының шешімі бойынша, жеңімпаз атандым.

Бір байқағаным, қазір елімізде саналы тұтынуды қолдап, осы бағытқа бет бұрып жатқан адамдар саны күн санап артып келеді. Дегенмен, бір өкініштісі қазақ тілінде экология тақырыбындағы контент өте аз. Сондықтан мен осы мақсатта қазақша экоблог жүргізуді қолға алып, өзімнің парақшамда пайдалы мәліметтермен, жеке тәжірибеммен бөлісіп жүрмін. Бұдан бөлек, ерікті ретінде басқа да орыс тіліндегі эко парақшалардың мәтінін аударып, көмектесіп келемін.

– Инстаграм парақшаңыздағы соңғы постыңыз қоқысты өртеу зауыттарына қарсы петицияға қатысты болды. Толығырақ айтып берсеңіз?

– Иә, біз Қазақстандағы экологтар мен экобелсенділер болып қоқыс өртеу зауыттарының салынуына қарсы қозғалыс бастадық. Өйткені, еліміздің 6 бірдей қаласы Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Таразда қалаларында қоқыс өртеу зауыттарын салу жоспарланып отыр. Біз осы зауыттардың салынуына жол бермеу үшін Президент Қ.Тоқаевтың атына ашық хат жолдап, петицияға қол жинап жатырмыз. Себебі қоқыс өртеу зауыттарын салу бұл экологиялық зиянды жоба. Қоқысты өртеу неліктен зиян екенін айта кетейін. Қоқыс өртеу зауыты тура жылу электр станциясы сияқты. Тек көмір мен газдың орнына қарапайым тұрмыстық қалдықтарды қолданады. Жобаны ұсынушылар мұндай зауыттарда сатылы тазалау жүйесі қарастырылғанын және айналаға тек таза түтін шығатынын айтып, уәде беріп жатыр.

Бірақ біз теория үнемі шындыққа жанаса бермейтінін ұмытпауымыз керек. «Теориялық тұрғыда қауіпсіз» жоба іс жүзінде ауаны диоксин, фуран және тағы басқа ауыр металдармен ластайды. Сәйкесінше мұндай лас ауа өлімге де себеп болуы мүмкін. Жарайды, зауыттар заманауи технологияға сай, дұрыс салынады деп елестетейік. Бірақ мұндай жағдайда да біз басқа проблемаға тап боламыз.

Біріншіден, бүгінгі күні өркениетті адамзат барлық материалдар қайта өңделіп, пайдаланылатын тұйық циклды экономикаға бет бұруда. Бұл жағдайда ресурстарды өндіру минимумға дейін қысқарып, барлық материалдар қайта өңделеді. Ал қоқысты өртеу осы қағиданы бұзып, құнды ресурстарды жояды.

Екіншіден, біз жаңартылатын энергия көздері – жел, күн, өзендер мен толқын туралы жиі айтамыз. Ал қоқыс – жаңартылмайтын энергия көзі. Себебі оның жанғыш фракциясы (қағаз және пластик) мұнай, газ және ағаштан жасалады. Сол қоқысты өртеу арқылы энергия қуатын алу пешті мұнаймен жаққанмен бірдей.

Үшіншіден, энергияны көп қажет ететін фракциялар – қағаз бен пластик. Ал оларды қайта өңдеуге болады. Бұлар жақсы жанатын материалдар, әрі дәл осы материалдар электр қуатын өндіру үшін қоқысты өртеуді тиімді етеді. Бірақ бұл екеуін алдын ала іріктеп алып, қайта өңдеуге жіберсек, онда қоқыс өздігінен жанбайды. Оған жануға қосымша отын қажет болады. Міне, барлық мәселе осында жатыр. Егер қоқысты өртейтін зауыттар ашылса, олар қайта өңдеу процесіне бәсекелес болады да, жақын уақытта халықты ресурстарсыз қалдырады. Қоқысты өртеу қайталама шикізатты бөлек сұрыптауға және оны қайта өңдеуге кедергі келтіреді. Төртіншіден, қоқыс өртеу зауыттарын салу өте қымбатқа түседі. Құрылысқа 180 миллиард теңге қажет. Ал бұл ақшаға сұрыптау жүйесі бар, қоқыс өңдейтін ультразаманауи зауыттар салуға болады. Бесіншіден, қоқысты өртеу полигондардан құтқармайды. Өйткені қоқысты өртегенде улы шлак бөлініп, қауіпті күл қалдықтары пайда болады. Ал сол күлді жинау үшін жаңа полигон немесе қауіпті қалдыққа арналған қоймалар керек болады.

Қоқысты өртеу – қалдықтарды пайдаланудың ең қымбат әрі экология жағынан тиімсіз технологиясы. Еуропа елдері мұндай зауыттарды жауып тастаған. Олар бұл технологияны ескірген деп есептейді.

Еліміздегі қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты статистикаға көз жүгіртсек. 2019 жылғы «Қоршаған ортаның жағдайы туралы ұлттық баяндамаға» сәйкес Қазақстанда 2475 ресми ҚТҚ полигоны бар. 2019 жылға дейін онда 41 млн. тонна қалдық жиналған Оның 2,5 млн. тоннасы көмуге жіберілген, 1 млн. тоннасы ғана сұрыпталып, тек қана 142 мың тоннасы, яғни бар болғаны 4%-ы ғана қайта өңделген. Бұл өте төмен көрсеткіш. Сондықтан да бізге қоқыс өртеу зауыттарын салудың орнына, қалдықтарды бөлек сұрыптау мен қайта өңдеу процесін жетілдіру керек.

– Сіздің пікіріңізше білім ордаларындағы экологиялық тәрбие келешектегі экологиялық проблемалардың алдын-алуға қаншалықты септігін тигізуі мүмкін? Мемлекет тарапынан мектептер мен ЖОО-да экологиялық насихат жүргізуді міндеттеу қажет пе?

– Экологиялық тәрбие келешектегі экологиялық проблемалардың алдын-алуға үлкен септігін тигізеді. Себебі экологияға ең көп зиян келтіретін ол – адам. Ал балалар біздің болашағымыз. Яғни, келешекте сіз бен біз табыстаған планетада өмір сүретін, сол игіліктерді тұтынатын балалар. Ал оларды қазірден табиғатқа қамқор болуға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үйретсек, олардың экологиялық мәдениеті де жоғары болады. Демек, адам іс-әрекетінен пайда болатын экологиялық проблемалар да азаяды. Өйткені, саналы тұтынуды қолдайтын, сауатты ұрпақ қалыптасады.  Біз ұлттық, рухани тәрбие туралы көп айтамыз. Дәл солай, экологиялық тәрбиеге де аса назар аударуымыз керек. Өйткені, экологиялық тәрбие бұл бәрінің бастауы. Тіпті, мектеп пен ЖОО-да ғана емес, экологиялық білім беруді балабақшадан бастаған дұрыс. Экологиялық сабақтарды ойын түрінде түрлі тәсілдермен  қызықты етіп өткізуге болады. Ең бастысы кішкентай балалардың бойында табиғатқа деген қамқорлық сезімін қалыптастыра білу. Осы орайда, Қазақстандағы ЮНИСЕФ ұйымының өкілдігі қолға алған «Plastic Free» жобасы туралы айтқым келіп отыр. Мен бұл жобада еліміздің басқа да белсенділерімен қатар ерікті болдым. Жоба аясында біз еліміздің түкпір-түкпіріндегі бастауыш сынып оқушыларына «Пластикті қолдануды азайту» тақырыбында онлайн-сабақтар өткіздік. Онлайн-сабақтарға бүкіл Қазақстан бойынша 9000-нан астам оқушы қатысты. Бұл жобаның балалардың экологиялық сауатын көтеру, экомәдениетті қалыптастыруда маңызы өте зор деп санаймын.

Міндеттеу мәселесіне келер болсақ, мен дәл қазіргі біздің еліміздің жағдайында міндеттеуді қолдаймын. Себебі, біздегі жалпы экомәдениет деңгейі өте төмен. Ал уақыт өте келе, осындай іс-шаралардың арқасында қоқыс сұрыптау, қалдықтарды қайта өңдеу қарапайым нәрсеге айналады деп сенемін.

– Көп рахмет сізге. Сәттілік тілейміз.

 

 

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
2
Share