Ақмола облыстық сотында тергеу судьялары және құқық қорғау құрылымдарының өкілдері құқық қолдану тәжірибесі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Toppress.kz Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасау арқылы.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов прокуратура органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық бюросы департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, полиция департаментінің бірінші басшылары, адвокаттар және тергеу судьяларымен тергеу судьяларының жұмысында құқықтық қолдану тәжірибесі мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізді.
Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Даминов сотқа дейінгі тергеу сатысында сот бақылауын жүргізу және тергеу институтын дамытудың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, бірыңғай тәжірибені қалыптастыру және сотқа дейінгі тергеу сатысында бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тергеу судьяларының жұмысында туындайтын кейбір мәселелерді талқылаудың қажеттілігін атап өтті.
Баяндамаларды тыңдау барысында тергеу судьяларының құқықтық қолдану тәжірибесінде туындайтын мәселелер талқыланып, судьялар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік айыптау өкілдері және адвокаттар даулы мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті.
Қатысушылар өткізілген іс-шараның тәжірибелік пайдасын атап өтіп, облыстық сотқа осы шараны ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.