Салыққа қатысты сұрақтарға "WhatsApp" арқылы жауап беріледі, деп хабарлайды Toppress.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы жылдың 19 қарашасынан бастап жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) көкейтесті және толғандырып жүрген сұрақтарына жеке тұлғалар жедел жауапты "WhatsApp" мессенджері арқылы ала алады. Көкейкесті сұрақтарды 8-776-136-41-32 нөміріне жұмыс күндері (дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша және де ең өзекті салық және кеден мәселелері бойынша "1414" Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы, кеден заңнамасының мәселесі бойынша қалалық телефоннан "1412", ұялы телефоннан 8-800-080-64-52 нөмерлері арқылы ақпарат алып, Call-орталығынан экономикалық салада қылмыстар мен құқық бұзушылықтар, я болмаса жасауға тырысқан әрекеттер, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тараптарынан сыбайлас жемқорлық және өзге де заңсыз іс-қимылдары туралы хабарламаларды (шағымдарды) жолдаруларына болады.
Бұған қоса, салық және кеден заңнамасының мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерінен ақпарат алып, кеңес беру телефондары kgd.gov.kz ресми сайтының "Біздер туралы" бөлімінің "тұрғындармен жұмыс" бөлімшесі арқылы ақпарат алуға болады.