Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент күніне арналған концертке барды, – деп хабарлайды Toppress.kz Еlbasy сайтына сілтеме жасап.
Концерт алдында Елбасы "Тарихи таңдау" көрмесін аралап көрді. Экспозициялар Елбасы кітапханасының музей коллекциясындағы мұрағаттық материалдар мен бірегей заттардан құралған.
Көрмеге Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке кітапханасынан 145 кітап, сондай-ақ, 220 экспонат қойылды.
Көрмеден соң Елбасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрі және отандық экстрада жұлдыздары өнер көрсеткен концертті тамашалады











