25 қыркүйек 16:38 шамасында Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент автожолында "ВАЗ" және "Мазда" автокөліктерінің соқтығысуы орын алды, – деп хабарлайды Toppress.kz.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза тапты (1 ер адам " ВАЗ "жолаушысы және екі әйел "Мазда" жолаушылары). Жедел-жәрдем көлігінде тағы 5 адам ауруханаға жеткізілді. "ВАЗ " автокөлігі Ресей Федерациясында тіркелгені анықталды.
Оқиға орнында Ордабасы АПБ және Түркістан облысының ПД анықтаушылары жұмыс істеуде.
Аталған жайт СДТБТ-де ҚР ҚК 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелді.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының толық мән-жайы анықталуда.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі