• Последние

«Ауылшаруашылығын дамытуға аса мән беріп отырмыз» – Қуат Байғоджаев

2020/12/11 21:31

Слушания по проекту Алматинского горного кластера состоялись при активной поддержке общественности

2026/05/26 20:26

Е. Карин: за последние 8 лет количество ходатайств о выходе из казахстанского гражданства снизилось почти в 40 раз

2026/05/26 19:17
Concept of exchange rate, sanctions

Казахстан установил исторический рекорд, выпустив дебютные «панда-облигации» на 3,4 млрд юаней

2026/05/26 19:15

Создание более 5 тысяч рабочих мест ожидают в результате реализации горного курорта Кок-Жайляу

2026/05/26 18:09

Зеленая модернизация: в области Жетісу строят сразу три масштабных экопарка для семейного отдыха

2026/05/26 17:05

«Душили и били о кровать»: студентку жестоко пытали сверстницы в Алматы

2026/05/26 15:39
Silhouette of small child. Kid stands with his palms on the window and looks at the fire in city. Black smoke rises into the sky above high-rise buildings. Boy is worried. Child safety.

Мужчина спас троих детей из пожара, а затем ушёл по делам в Павлодаре

2026/05/26 15:32

Теперь уже не скрыться: в Казахстане ИИ-камеры взялись за нарушителей ПДД и экологических норм

2026/05/26 14:25
BBC

Скончался один из величайших джазменов мира Сонни Роллинз

2026/05/26 14:17
Фото: Горный кластер, пресс-служба правительства РК

Общественные слушания завершены: проект Almaty SuperSki получил поддержку, начинается новый этап развития горного кластера Алматы

2026/05/26 14:15
Фото: Казахтуризм

Строительство горного курорта удержит молодёжь в стране: на слушаниях по Almaty SuperSki обсудили создание 15 тысяч рабочих мест

2026/05/26 13:54

Известные спортсмены и прокуроры провели масштабную встречу с молодежью в Косшы

2026/05/26 13:36
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/05/27/4:48
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

«Ауылшаруашылығын дамытуға аса мән беріп отырмыз» – Қуат Байғоджаев

by Алина Алиева
2020/12/11 21:31
in Выборы 2021, Казахстан
A A

Биыл Nur Otan партиясының басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында «праймериз» жүзеге асырылды. Партия үшін де, еліміз үшін де бұл үлкен саяси оқиға болғаны рас. “Nur Otan”-ның праймериз өткізудегі басты мақсаты – қатарын адуыны мықты жас мамандарға, ел қалауларымен толықтыру. Сайлауға өз аймағында сөзі өтімді, беделге ие азаматтарды қатыстыру. Бүгін Еңбекшіқазақ аудандық Nur Otan партиясының бөлімшесі басшысының бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат Сұлтанұлымен праймериз, сайлауалды науқан және үгіт-насихаттың басталуы жқнінде сұхбаттастық.

Өңірлік партия бөлімшесі өкілінің айтуы бойынша, Еңбекшіқазақ ауданының  тұрғындарының сенімін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету – партияның басымдық беретін тұсы.

Қуат Сұлтанұлы, сәлеметсіз бе. Біздің интервьюге келіскеніңіз үшін рахмет. Бұл жылы сайлауға жаңадан «праймериз» ұғымы енді. Сіз бұл жаңашылдықты қалай қабылдадыңыз?

Сәлеметсіз бе. Өздеріңізгі мәлім болғандай 2021 жылғы 10 қаңтарда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына сайлау болады. Бұл сайлауға «Nur Otan» партиясы үлкен дайындықпен келді. Өйткені Елбасымыз Нұрсуұлтан Әбішұлы Қазақстанда алғаш рет праймериз болатынын жариялады. Бұл саяси додаға өзіміздің партиялық кадрлық резервке дайындалған азаматтарымызды, содан кейін елге танымал әрбір саладағы жастарды қатыстыру сияқты үлкен міндеттеме әрі елдің алдында жауапкершілік алдық. Біз бұл жаңашылдықты әрине құлшыныспен жігерлікпен қарсы алдық. Біздің ауданның өзінен 99 үміткер тіркелді. Оның 30 пайызы өзін-өзі ұсынған азаматтар. Бұл қоғамдағы серпіліспен үлкен өзгерістердің бастауы деп білемін. Осы жылы партияға тіркелген жас буын өкілдері көп. 99 үміткердің 90 азаматы дебатқа қатысып, бүкіл елді-мекендерді аралап, жоспарларымен бөлісті. Белсенді азаматтардың ой-пікірлері біздің сайлауалды бағдарламамызға үлесін тигізді. Жеке маған келсек, мен праймеризді өте дұрыс әрі уақытылы шешім деп есептеймін. Елімізге үлес қосқысы келетін жандарға жақсы мүмкіндік.

Осы жылғы өңірлік сайлауалды бағдарламасында қандай ерекшеліктер бар?

«Nur Otan» партиясы облысты дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. «Nur Otan» партиясының бағдары экономиканың басым салаларын: өнеркәсіпті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту болып табылады. Біздің сайлауалды бағдарламамызда 2021-2025 жылдары ауданымызда атқарылатын іс-шаралар жоспары жеке дара қарастырылды. Мысалы әлеуметтік, туризм, ауылшаруашылығы, бизнес салаларын алсақ, әрқайсысы бойынша бюджеттің қайдан алынып, қайда жұмсалатынына дейін жазылып көрсетілген. Сайлауалды бағдарламамыздың толыққанды жүзеге асуы енді 11 облыстық Мәслихатқа, 50 аудандық Мәслихатқа үміткер азаматтарымыздың еншісінде. Олар халықтың көкейінде жүрген мәселелерін толықтай жоспарларына енгізіп, бағдарламаларын жан-жақты қамтығанына еш күмәнім жоқ.

Үгіт-насихат науқаны ашық деп жарияланғаны белгілі. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Иә, кешелі бері басталған үгіт-насихат жұмыстары белсенді өтеді деп есептеймін. Бірақ, әлемді пандемия жаулаған уақытта үгіт-насихат жасағанда да санитарлық нормаларды сақтау өте маңызды. Партия бұл мәселеге бей-жай қарамайды. Үгіт-насихат кезінде «Нұр Отан» жастар қанатының еріктілері белсенді көмек көрсетеді.  Үміткерлерге келсек, олардың әрқайсысы білімді азамат, білікті маман екенін нық сеніммен айта аламын. Оның арасында 30 пайызы әйел азаматтар, 20 пайызы жастар екенін айта кеткен жөн.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Партия өкілдігі сайлауалды бағдарламасында басымдылықты неге береді? Қандай мәселелерге жіті көңіл бөлінген? 

Біздің өңір аграрлық өңір болғандықтан Еңбекшіқазақ аудандық партия бөлімшесі ауылшаруашылығын дамытуға аса мән беріп отыр. Суармалы егістіктердің алқабын кеңейту және суармалы алқаптардың су шығынын үнемдеу көзделіп отыр. Тағы бір маңызды мәселе –  елді-мекендерді көгілдір отынмен, таза сумен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта 80 пайыз қамтылған болса, 2025 жылға дейін 95 пайызға дейін қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ көпбалалы аналарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды үймен қамтамасыз ету мәселелері де бағдарламада қамтылған.

Өңірде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша қандай жұмыстар жоспарланған?

COVID-19 жағдайы еңбек нарығына түзетулер енгізді, жұмыспен қамту және халықтың табысы саласындағы белсенділікті айтарлықтай әлсіретті. Бұл ретте жұмыссыздық көрсеткіштері тұрақты болып қалуда (4,3%). Ауданда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты жыл сайын білікті жұмыс күшіне сұраныс артып келеді. Бүгінгі таңда 200 ашық бос жұмыс орны бар. Биыл мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен 4135 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, олардың үштен бірі (1147 адам) «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде орналасады. «Nur Otan» партиясы әркімнің өзі мен отбасы үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алуы үшін тұрақты жұмыс орындарының санын ұлғайтуға қол жеткізеді. Ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдайды.Бес жыл ішінде өңірде 12,6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады (жыл сайын өндірістерді ашу есебінен орта есеппен 2,5 мың жаңа жұмыс орны).

Партия жаңаланып жастар көбейгені байқалады. Ал өңірлік сайлауалды бағдарламада жастарға қандай мүмкіндіктер қарастырылған?

Жастар – ел болашағы. Жаңа ұрпақ мемлекетіміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс. Еңбекшіқазақ ауданындағы жастар саны  65 687 (жалпы халықтың 22% -тін құрайды) – бұл 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Ауданда жастардың табысты әлеуметтенуі, жастардың әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Жастардың патриоттық тәрбиесіне, бос уақытын ұйымдастыруға, рухани-адамгершілік, азаматтық-құқықтық және дене шынықтыру деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуді жалғастырып келе жатқан  жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді.

«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай Партияның міндеті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды жұмыспен қамту, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыда өз бағытын табуы үшін жағдай жасау, қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешу болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының сайлау қорынан төленді.

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
2
Share