«Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалында салтанатты түрде сайлауалды штабтың ашылу жиыны өтті. Жиынға кандидаттар сондай-ақ, партияның сенім білдірген өкілдері, штаб мүшелері қатысты. «Nur Otan» партиясы сайлауалды науқанында қызмет атқаратын штаб мүшелігіне 11 және сайлау учаскелеріндегі 30 сенімді өкіл бекітілді.
Жасақталған 90 сенімді өкілдің тізімі қалалық сайлау комиссиясына тіркеліп, куәліктерін алды. Сондай-ақ, аудандық штаб үгіт-насихат кезеңінде қызмет ететін 66 еріктімен толықты.

11 желтоқсаннан бастап штаб қызметкерлері үгіт-насихат кезеңінің жұмыстарын бастады. Сайлауалды штаб төрағасы өз сөзінде әрбір кандидатты белсенді ете отырып, ашық және адал сайлау өткізудің маңызын атап өтті. Партия штабының ашылуы – партияның халықтық, елдік партия екенін тағы да бір рет дәлелдеді. Мұнда біз тек сайлауалды бағдарламамыздың үгіт-насихат жұмыстарымен ғана емес, бұрынғысынша халықты қабылдау, ұсыныс-пікірлерін тыңдау жұмыстарымен айналысамыз.
«Бір жақты жұмыспен шектелмейтін боламыз» – деді штаб төрағасы Аслан Кубентаев.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының сайлау қорынан төленді.










