Бүгін Алматы облысы Сарқан аудандық маслихат депутаттығына үміткер Е.Алинов «Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің» еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, сайлаудың өту барысы туралы айтылды.
Кандидаттарға 20/80 формуласын ұстану тапсырылғандықтан биыл партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80% басымдылық беріледі. Сол себептен, үміткерлер көбірек сайлаушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге тырысты.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуді жалғастырады. Сіздерді мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауғашақырамыз. Біз алдымызға Сіздердің сенімдеріңізді ақтау міндетін қоямыз», – деді үміткер спорт мектебінің ұжымы алдында.
COVID-19 жағдайы еңбек нарығына түзетулер енгізді, жұмыспен қамту және халықтың табысы саласындағы белсенділікті айтарлықтай әлсіретті. Осы бойынша бағдарламадағы еңбекпен қамту жайында да сөз қозғалды.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысының сайлау қорынан төленді.










