Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Елғонов Қайрат Тастемірұлы Монтайтас елді мекенінің “ЭЧ-24” Электрлік жабдықтау дистанциясына барып, жұмысшылармен үгіт-насихат жұмытарын жүргізді.
Кездесу барысында үміткер Партияның қаланы дамытуға арналған алдағы 5 жылдық жоспарымен таныстырып, алдағы жұмыстар жайлы айтып өтті.
Біздің партия медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттырады.
COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады. Қалада бейімді мамандардың тапшылығы байқалды, ауруларды ерте диагностикалау және азаматтарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету проблемалары бар. «Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды, – деді үміткер.
Сонымен қатар, үміткердің айтуы бойынша партия қалада адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақсарту: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақытылы анықтау жұмыстарына ықпал етеді.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Арыс қаласының сайлау қорынан төленді