Оралда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Үміткерлер тұрғындарды алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлаудан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға шақыруда.
«Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұрғали Жолдасқалиев, Мирболат Ерсаев, Рустам Ахметов бүгін Желаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Үміткерлер жиынға қатысушыларға көшбасшы партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сайлауда қолдау көрсетуге шақырды.
Өз кезегінде тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелермен қатар педагогтардың жалақысы, баспана, зейнетақы қоры туралы сауалдарын қойды.
Алпамыс Камалов пен Аида Маратова қала тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасынан хабардар етіп, сауалдарға жауап берді. Біржан Қожақов пен Светлана Бахишева «Үміткерге өз сауалыңды жолда» деген айдармен әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шықса, Айнаш Бижанова пен Мержан Әбілқас канвассинг-кездесу ұйымдастырды.
Жоспарлы үгіт-насихат жұмыстарының аяқталу мерзімі де таяп келеді. Үміткерлер осы мүмкіндікті пайдаланып, халықты өздерін қолдауға үндеуде.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының сайлау қорынан төленді










