“Nur Otan”партиясы Жылыой аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Рейимов Кеңес Мырзаұлы мен Бохаев Дюсенбай Сыдықұлы Жаңа-Қаратон кентінде мұнай-газ саласы ардагерлері мен кент зейнеткерлерімен Сайлауалды үгіт-жұмыстары аясында кездесу өткізді.
Кездесу аясында Партияның 2021-2025 жылдарына арналған бағдарлама аясында қамтылатын 17 басым бағыт насихатталды. Кездесуге қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, сұрақтар қойылды.
Үміткерлер жиылған жұртты сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Жылыой ауданының сайлау қорынан төленді