Демалыс күндері Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының @jas.almaty қолдауымен “StudUnion” ЖОО жастар ісі жөніндегі комитеттер қауымдастығы аясында, Алатау тауларының етегінде кемпинг өтті. Кемпингке қаланың белсенді студенттері жиналды, деп Toppress.kz хабарлайды.
Бұл кемпингтің басты мақсаты қаланың жоғары оқу орындарының студенттері мен белсенділерін біріктіру үшін платформа құру болды. Қатысушылар жаңа таныстықтар орнатуға және басқа оқу орындарының өкілдерімен танысуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде аталған кемпинг барлық қатысушылардың құлшынысы арқасында белсенді және жемісті болды.
Ол байланыстарды нығайтып қана қоймай, жаңаша жетістіктерге шабыт берді. Қатысушылар атсалысқан мәдени, спорттық және зияткерлік іс-шаралар кемпингтің құндылығын арттыра түсті.
Спикерлер мен жаттықтырушылар өздерінің тәжірибелері мен білімдерін ұсына отырып, бұл шараны ұмытылмас ету арқылы достық байланыстарды нығайтуға көмектесті, алдағы ортақ жобаларға жол ашты.