Белгілі дінтанушы, теология ғылымының докторы Балғабек Мырзаев ислам дініндегі білімнің ролі қандай екенін, сонымен қатар лаңкестік жағдайлар туралы баяндап берді, – деп хабарлайды Toppress.kz.

– Ислам дініндегі білімнің ролі қалай сипатталады? Білім мен ғылымның мән-маңыздылығы қалай айқындалған?

– Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы тұрғыда: "Аллаға жақындататын білім үйренбей өткізген күннің мен үшін ешқандай қайыры жоқ" деп айтқан хадисі білімнің қаншалықты маңыздылығын көрсетеді. Өйткені, білім адамзаттың мәртебесін көтеріп, кішіпейіл болуға ықпал етеді. Арам ой, пиғылдан арылтып, шындықты түсінуге, қолынан келгенше жақсылық жасауға шақырады. Алла Тағала ғылыммен шұғылданып, үйренгендерін бойына сіңіре білетін ғалымдарды жоғары мәртебеге шығаратынын Құран Кәрімде былай баяндайды: "Алла Тағала сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді". Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) біздің білімге деген ынтамызды арттыру үшін былай деген: "Кімде-кім білім үйренгісі келсе, Алла ол адамға жұмаққа баратын жолды жеңілдетеді. Періштелер оның әрекетін ұнатқандықтан, үстіне қанаттарын кереді. Аспан мен жердегі, тіпті судың ішіндегі балықтар да ғалымдар үшін Алладан кешірім тілейді. Ғалымның жай құлдардан артықшылығы, айдың өзге жұлдыздардан артықшылығына ұқсайды. Ғалымдар – пайғамбарлардың мирасқорлары. Пайғамбарлар алтын мен күмісті мирасқа қалдырмайды, тек қана білімді мирас етіп қалдырады. Ол мирасты алған адам молшылыққа кенеледі". Негізі адамның білімі артқан сайын Аллаға деген сенімі, құрмет, қорқынышы артады. Жалпы, білім алу – Исламның ең басты құндылығы. Сол себепті, Құранның ең алғашқы аяты "Оқы! Жаратқан Алланың атымен оқы!" деп түсті. Алланың бұл жерде "Оқы!" деп отырғаны қай кітап? Ол – екі кітап: бірі – Құран кітабы, екіншісі – физикалық және метафизикалық жаратылыс кітабы. Ал жаратылыс ілімінен хабары жоқ адам Құранды дұрыс түсіне алмайды. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп қабырғасында оқытылатын химия, математика, биология және тағы басқа пәндердің барлығы дүниенің құдіретін  тануға жол ашады. Сондай-ақ, аспан мен жер жаратылысы, күн мен түннің алмасуы, күн мен айдың белгілі бір жүйеде қозғалуы, адамның жаратылуы сияқты Алланың бар екенін дәлелдейтін әрі терең ойлануға жетелейтін түрлі құбылыстар тек қана білім арқылы болады. Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Хальдун, Идриси, әл-Бируни, әл-Хорезми, Ибн Батут, әл-Баттани, Джабир ибн Афләх, әр-Рази, әл-Ғазали сияқты көптеген ғалымдарымыздың білім жолына түсуіне жоғарыдағы аят-хадистер себеп болғаны анық. Сондықтан мектеп жасындағы баланы имандылыққа баулып, оған білім үйрету – әрбір адамның азаматтық әрі мұсылмандық борышы. Діни һәм зайырлы білім – болашақтың кілті.

−Қазақстандағы 3 мың 244 дін үйінің басым бөлігі мешіттер екен. Мешіттерсаны – 2 мың 320-ды құрайды деген ақпарат бар. Жалпы еледі мешіт салу үдерісінің артқаны қаншлықты орынды деп есептейсіз?

–Біріншіден, мешіттер барлық уақытта елді бейбітшілікке, бітімгершілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа шақыратын қасиетті орын. Екіншіден, ислам діні тарағалы мыңдаған жылдар бойы елдің басын қосып, қоғамның туындаған мәселелерін талқылайтын маңызды алаң болып отыр. Үшіншіден, мешіт салу немесе салдыру сауап алатын амалдардың абзалы болып табылады. Хз. Осман халифадан жеткен хадисте Мұхаммед пайғамбардың "Кімде-кім Алла тағаланың разылығы үшін мешіт салса/салдырса, Алла тағала да оған жұмақтан соған ұқсас бір үй салады" деп бұйырғаны туралы айтылады. Сондықтан да әл-ауқаты бар азаматтар сауап алу ниетімен осы іске көбірек бүйрек бұратыны жасырын емес. Бүгінгі қоғамда өзінің атақ-даңқын шығару үшін немесе ата-бабасының есімін қою үшін де мешіт салатындар кездесіп жатады. Оған ешкімнің қарсы бола қоймасы түсінікті. Дегенмен де адам баласының басқа да мұқтаждықтары бар екені белгілі. Сол мұқтаждықтарды шешіп берудің сауабы да мешіт салудың сауабынан кем емес деп сеніммен айта аламыз. Яғни, Алла тағаланың разылығына кенелу үшін тек мешіт салу міндетті емес. Қоғам үшін пайдалы болып есептелетін кез-келген игілікті істі жасауға болады. Оның ішінде мектептер, ауруханалар, жол салу, көпір салу секілді қоғамға пайдалы кез келген іс сауапқа жатады. Бүгінгі күні елімізде ауруханасы жоқ, мектебі жоқ, асфальт жолы жоқ және де ішуге таза ауыз суы жоқ елді мекендер жетіп артылады. Соны естен шығармауымыз керек. 

−Әлемдік діни ахуал жыл өткен сайын күрделеніп отыр. Экстремизм Таяу Шығыспен шектеліп қалмай төрткүл әлемге тарауының сыры неде?

−Расында да бүгінгі күні біздің Қазақстан үшін ғана емес бүкіл әлем үшін төнген қауіп саналатын діни экстремизм мен терроризм мәселесі. Соңғы уақыттарда әлемде лаңкестік оқиғалар жиілеп отыр. Оның ішінде өздерін ислам дінінің құтқарушыларымыз деп есептейтін, соған сай лаңкестік әрекеттер жасайтын, сол арқылы бейбіт тұрғындардың қанын төгіп отырған оқиғалар бар. Ал енді бұлар шынайы мұсылман ба? Бұл өте күрделі сұрақ. Әлемнің әр бұрышына барып, сан түрлі жарылыс жасап, я болмаса өзге де лаңкестік оқиғаларды ұйымдастырғандарды әлем елдері оның ішінде Мысырдың я болмаса Араб Әмірліктеріндегі орталықтар теріс пиғылдағы лаңкестердің біздің дінімізге ешқандай қатысы жоқтығын, оларды мұсылмандар деп санаудың өзі екіталай екенін сонымен қатар, олардың барып тұрған қылмыскер екенін ашып айтуда. Қандайда бір бейбіт өмір сүріп отырған жанның қанын төккендер өзін ешқашан шынайы мұсылманмын деп айтуға құқы жоқ. Қазіргі уақыттағы исламның ішіндегі әртүрлі ағымдар билікке саяси ықпалын күшейту мақсатында өздерін танытып жатыр. Баршаға аян Таяу Шығыстағы ислам дінінің атын жамылғандардың әрекеті әлемнің қай түкпірінде болмасын исламның атына кір келтіріп, қара таңба қалдырып отыр. Сондықтан бұл топтың іс-әрекеті жазаланып, шектеу қойылып, айыпталуы тиіс. Діннің басты мақсаты адами құндылықтар, адами әрекеттер болуы тиіс. Өйткені дін адамдарды жақсылыққа шақырушы, отбасын құрметтеуге, адамдардың өзара бауырмал болуына, өз отанын құрметтеуге шақырса, бұл – нағыз діннің көркем көрінісі. Ал адамдар көп шоғырланған сауда орталықтарына барып жарылыс жасап, немесе мешіттерге барып адамдардың бейбіт қанын төккендерді шынайы мұсылман ретінде еш қабылдай алмаймыз. Ал енді бұлардың таралу себебі қандай дегенге келер болсақ, оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, лаңкестік ортаны жасаушыларды қандайда бір діни күш деп айта алмаймыз. Көпшілігінің діни білімі таяз, сауаты жоқ адамдар. Екінші жағынан бұнының бірнеше тетіктері бар. Қазіргі әлеуметтік желі қолжетімді болған заманда дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттаушылар осы желілерді тиімді пайдаланып отыр. Жарнамалар жасап, әлеуметтік желілерде өздеріне аккаунттар ашып алады. Онда өздерінің алдамшы көріністерін жүктеп қойып, өздерінеде барлығы жақсы екенін, нағыз мұсылмандар осылай өмір сүріп жатыр деген сияқты алдамшы әрекеттерімен сезімтал азаматтарды өз қатарларына қосып жатқанын көріп отырмыз. 

−Енді өзіңіз айтып отырған төнген қауіптен құтылудың жолдары қандай?

Алдымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу аса қажет. Қазіргі уақытта бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазақстандың барлық өңірлерінде ақпараттық түсіндіру топтары жұмыс істейді. Оның құрамында белгілі ғалымдар, дінтанушылар мен имамдар бар. Олар түсіндіру жұмыстарымен қатар, теріс ағымдағы топтардың іс-әкеркеттерін әшкелелеу жұмыстарымен де айналысады. Екінші жағынан дәстүрлі емес діни ағымдардың өзіндерін насихаттайтын кітаптарын, танымал лидерлерін, әлеуметтік желілерде тіркелген сайттарын зерттеп, зерделеп анықтау жұмыстары да жүргізіледі. Ол жұмыстар бүгінгі күні тиісті деңгейде атқарылып та жатыр. Мысалы, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі. Сол арқылы теріс ағымдағы топтардың сайттары мен әлеуметтік желілердегі топтарына я болмаса аккауыттарына, діни әдебиеттерінің таралуына тосқауыл қойылады. 


Подпишитесь на нашу рассылку

Будьте в курсе последних новостей, получайте свежие статьи и видеообзоры.

Вам также может понравиться

Сотрудница перевела со счета “Казахалтына” 1,5 млрд тенге и пропала вместе с деньгами

Громкое дело расследуют в Акмолинской области. 23 февраля представители АО ГМК “Казахалтын”…

В Нур-Султане мужчина напал на пожилую женщину в подъезде. ВИДЕО

При проведении оперативно-розыскных мероприятий сотрудниками полка патрульной полиции совместно с сотрудниками Управления…

Девушка погибла в серьезном ДТП на трассе Алматы – Бишкек. ВИДЕО

Смертельное ДТП произошло на трассе Алматы – Бишкек, передает Toppress.kz со ссылкой…

“Это как издевка”: Минтруда и акимат Нур-Султана обвинили в безучастном отношении к людям с инвалидностью

В редакцию информационного портала Toppress.kz обратилась жительница города Нур-Султан Тамара Албагачиева, которая…