• Последние

РАТТ мүшелері Атырау облысына келді

2018/10/19 12:14

Обвинила отца в насилии в эфире: на блогера завели дело за ложную информацию

2026/06/24 18:56

Убили модель и спрятали тело целиком в чемодане: полиция увидела страшную картину

2026/06/24 16:21

Гороскоп на завтра: что ждёт все знаки зодиака

2026/06/24 16:05

Столичный курьер нашел наглый способ заработать на заказе клиента, но попался полиции

2026/06/24 15:53

«Подожги квартиру и получишь деньги»: женщина поверила мошенникам и едва не погибла

2026/06/24 15:10
Кадры из видео

Мужчина “подрался” с лифтом и потерял 1,5 млн тенге: полиция задержала дебошира

2026/06/24 12:51

В Шымкенте вводят запрет на рекламу кальянов в кафе и ресторанах

2026/06/24 12:15

Цифровизация, ИИ и новые инвесторы: Олжас Бектенов провел важные переговоры на «Летнем Давосе»

2026/06/24 11:49

Выше 40°C: в Европе бьют тревогу из-за экстремальной жары

2026/06/24 11:44
цените своих родителей

Сын избил отца и снял это на видео в СКО

2026/06/24 11:41
Кадр из видео

Погиб срочник Ербаян Мухтар — адвокат семьи

2026/06/24 11:13

Кофе в мире дешевеет, но в Казахстане цены растут — аналитика

2026/06/24 11:01
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/24/23:53
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

РАТТ мүшелері Атырау облысына келді

2018/10/19 12:14
in Казахстан
A A

2018 жылдың 17-19 қазан аралығында Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері (бұдан әрі – РАТТ мүшелері) Атырау облысында жұмыс жүргізеді.

Жұмыс жоспарының басты мақсаты – Қазақстан халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру, діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру болып табылады. 

Топ құрамында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейітбеков, теолог М.Орынбай және Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы мешітінің бас имамы М.Құлсумақов бар.

Топ мүшесі Смайл Сейтбеков кездесулер барысында мына мәселеге тоқталды: “Мұсылмандар тарихи кезең барысында түрлі себептерге байланысты ағымдарға бөлінгені анық. Ол ағымдар ұстанған саяси бағытына немесе сол идеяның негізін қалаған тұлғаның атымен аталды. Мысалы, біздер Имам Ағзам Әбу Ханифаның үйреткен жолымен, берген пәтуасымен жүргендіктен “Ханафиттер” болып аталамыз. Сол секілді 18 ғасырда, яғни 1703-1792 жылдары өмір сүрген, тегі араб болған Мұхаммед бин Аб дулуаһһабтың идеясын, пәтуасын, діни түсінігін қолдап, соны дұрыс жол деп танығандарға “уаһһабилер” деп атаған. 

Қазіргі қазақ қоғамындағы діни тұрақтылық пен бірлікке сызат түсіруші теріс ағымдардың бірі уаһһабилік немесе сәләфилік. Уаһһабилік идеология өкілдері елімізде өздерін “сәләфиміз” деп атағандықтан осы атпен таныла бастады. Сәләфилік идеологияны қолдаушылар Ислам әлемінің көптеген елдерінде белсенді жұмыс жасауда. Кеңес Үкіметі құлағаннан кейін Орта Азия елдеріне, соның ішінде қазақ жеріне тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда келе бастады. Сәләфилік идеология өкілдері елімізде алғашқы кезде қайырымдылық қорлар, діни сауат ашу курстарын, араб тілін үйрететін оқу орындарын ашып, көптеген жастардың санасын улады. Қала берсе орыс тіліне аударылған тегін діни әдебиеттер таратумен діни сауаты жоқ қандастарымызды өз қатарларына тарта білді. Тоқсаныншы жылдары көптеген жастар діни білім алу мақсатында араб елдеріне бет алды. Соның ішінде осы идеологияның шырмауына іліккен кейбір жастар оқуын тамамдап, елге оралған соң сол діни ағымның ұстанымдарын жаюға көшті”.

РАТТ жұмыс жоспары аясында жүргізілген кездесулерде теолог С.Сейтбеков “Біздің елімізде уаһһабилік ағымның шырмауына негізінен 17 мен 40 жас аралығындағы жастар, соның ішінде студенттер көбірек түсуде. Тоқсаныншы жылдары араб елдерінен келген азаматтар ашқан курстар мен қорлар уаһһабилік “ілімді” насихаттады. Қазақстан Ресупбликасы аумағында ресми діни бірлестік болып тіркелмесе де, олар көбінесе түрлі қайырымдылық қорлардың атын жамылып, өз идеологиясын таратып келеді. Өздерін шынайы ислам жолында жүрміз деп, “таухид” пен “бидғат” мәселесін басты тақырып ретінде түсіндіреді. Алайда олар бастапқыда осы сенімді жаю мен қатар ақырындап жихад ұғымын жастардың санасына ұялата береді де, уақыт сәті келгенде қарулы жихадқа дайын халген жеткізеді” деп пікірін білдірді. 

Жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында сарапшы келесідей мәселелерге баса назар аударды: “Сәләфилік ағымның құрылымы 4 түрлі қолдаушыдан тұрады. Бірінші топқа ел аумағындағы қайырымдылық қорлар мен оқу орталықтарының басшылары кіреді. Бұл топтағы сәләфилер лауазымды мемлекеттік қызметкерлерден, зиялы қауым өкілдерінен, құқық қорғау орган қызметкерлерінен қолдау табу үшін өзінің лауазымын пайдаланып, тіл табысуға кіріседі. Осы әдіс арқылы сәләфилік идеологияның тамыр жаюын жоспарлайды.

Екінші топтағы ағым мүшелері мешіт жамағатымен айналысады. Олар мешітке келуші жастармен жұмыс жасап, дәстүрлі исламды, ханафи мәзһабын сынай отырып, имамдар тарапынан жасалып жатқан діни іс шаралардың дінге қайшы екендігін, бидғат екендігін айтумен жастардың сансына күмән ұялатады. Осылайша ақиқатын білгісі келген жастарға шынайы исламды үйрену үшін пәтерлерге шақырады. Нәтижесінде жастарды өз қатарларына тартып алады да, келесі құрбандықты іздеуге көшеді.

Үшінші топ өкілдері ретінде дін қызметіне, яғни имамдыққа өздеріне жақын жандарды қызметке қоюға тырысады. Әрине діни қызмет атқарғысы келетін азаматтарға тосқауыл жоқ. Бірақ Діни басқарманың сараптауынан өтуі тиіс. Сараптамадан өткен жағдайда ғана дін қызметіне тағайындалады. 

Төртінші топқа сәләфи ағымның танымал шейхтары жатады. Олар заманауи жетістіктерді қолдану арқылы өз уағыздарын жүргізеді. Мәселен, интернет, диск, скайп арқылы уағыз айтып, жастардан құралған сәләфи жамағаттарының қалыптасуына ықпал етеді. Солардың уағызына уланған жастар әр-әр жерде өз жамағаттарын құрып, сол шейхтерді пір тұтуға көшеді. Әрине мұндай шейхтердің жихад жайындағы уағыздарынан әсерленген кейбір жастар қарулы жихадқа көшеді. Өз араларынан   әмір сайлап, оған “байғат” (серт) беріп, лаңкестік әрекеттердің жоспарын жасауға көшеді. Мұндай жамағаттардың негізгі нысаны құқық қорғау өкілдері болмақ. Жанкештілік жасап, шахид болуды мақсат тұта бастайды. Олар үшін шариғатпен басқарылмаған мемлекет және құқық қоғау органы “тағут”, яғни дін дұшпаны. Сондықтан тағутпен күресу керек деп санайды. Бұл топтағы сәләфилер “тәкфир”, “жихад” бағытындағы сәләфилер қатарына жатады. Ондай топтар дербес әрекет етіп, өзге жамағаттармен айтарлықтай байланыстары болмайды. 

Өкінішке орай, сәләфилік ағым өкілдері мұсылман әдебінің ізгілік пен мейірімділік қырын емес, қатігездік пен дөрекілікті ту етіп ұстанып, Ислам дініне орны толмас залалын тигізуде. Егер ата-анасы, бала-шағасы өзі секілді сенімді қабылдамаса, олар кәпір, ондай жандардан бойды аулақ ұстау керек. Өз сенімінде болмаған жандардың берген асын ішпейді, сойған малының етін жемейді. Сол секілді Исламның отбасы құру мәселесін мүлде ұят жағдайға жеткізді. Дініміздің көп әйел алуға рұқсат берген кеңшілігін дұрыс пайымдамай үйлену мен ажырасуды нәпсі қалауларына сәйкес жасап, қарапайым жұртшылықты Исламға үрке қарайтын жағдайға жеткізді. 

Ғасырымыздағы уаһһабилік немесе сәләфилік бағытты ұстанушылар өзара бірнеше ағымдарға бөлініп кетті. Олардың бұлай бөлінуіне бірнеше себептер түрткі болған. Мәселен, амал етпеген жан “кәпір ме, әлде мұсылман ба?”, “кәпірлермен одақтасуға бола ма, болмай ма?”, “басшыға бағыну”, “патшаның саясатын қолдау немесе қолдамау” секілді әрі сенімге (ақидаға), әрі саясатқа қатысты мәселелер төңірегінде келісе алмай “мадхалиттер”, “сурурилер”, “такфирлер” болып бөлініп кеткен. Аталмыш ағым өкілдерінің ұстаздары мен негізге алатын әдебиеттері бір бола тұра бір-бірлерін адасушылықпен, күпірлікпен айыптап, тек өздерін ғана тура жолда жүрген мұсылман ретінде санайды”.

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
0
Share