Оқиға Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында орын алған, онда пәтерлердің бірінде Иегова куәгерлері христиан қауымының өкілі Болат Исабаев Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 7-бабын бұзып, діни қызметті діни ғимараттан тыс жерде тиісті тіркеусіз жүзеге асырған – деп хабарлайды Toppress тілшісі Мұғалжар аудандық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде Б. Исабаев ісін қараған Мұғалжар аудандық сотында анықталғандай, 13 адам шарап пен нанды құдайға құлшылық ету рәсімінде қолданған. Сонымен қатар, кездесу барысында жиналған қауым ән айтып, бейне-дәрістер көріп, дұға оқыған. Сотта Болат Исабаев өзінің кінәсін мойындамайды. Алайда діни әдет-ғұрыпты өткізгенін жоққа шығарған жоқ. Ол өз сөзінде жиналғандардың шулап, көршілердің тыныштығын бұзбағанын алға тартты.
Алайда жауапкердің, көршілердің, полицейлердің және басқа да куәлардың дәлелдері мен айғақтарын тыңдаған сот "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, Діни бірлестіктердің мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, тұрғын үйлерде, қажет болған жағдайда жақын тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделерін өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, сот "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" ҚР Заңының 7-бабының 2-тармағы бойынша олардың үйінде діни жораларды өткізуге қарсы болған көршілерді назарға алды.
Жақын тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделерін сақтау қажеттілігі туралы заңның талабы діни бірлестік өкілінде діни іс-шараларды өткізу үшін үй-жайлардың меншік иелерінің рұқсаты болуы тиіс деп түсінген жөн. Бұл жағдайда Исабаев аталған кездесуді ұйымдастырушы ретінде мұндай рұқсат болмады, – деп атап өтті сот.
Сонымен қатар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" ҚР Заңының талаптары сақталуға міндетті. Яғни, іс-шараны өткізуге жергілікті атқарушы органның жазбаша рұқсаты болуы тиіс. Діни қызмет әлеуметтік белсенділіктің бір түрі ретінде ғибадат үйлерінен тыс жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкін. Нәтижесінде Болат Исабаевқа 88 375 теңге айыппұл салынды. Бұл ретте, бірнеше күн бұрын болған апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.